Заң бұзушылықпен сатылатын балықтарды анықтау үшін бірлескен рейд

2017 жылы 27 желтоқсанда басқарманың ұйымдастырумен БҚО жергілікті полиция қызметі, БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және «Қорғаушы» балық аулаушылар қоғамының қатысуымен Орал қаласындағы бірнеше ірі сату орындарында балықтарды заңсыз және салық төлеуден жалтарып сатуды анықтау бойынша рейд қалалық Жайық базары, Ж. Досмұхамбетов көшесі бойындағы және Колос дүкені аймағындағы базарларда жүргізілді. Құжатсыз және санитарлық талаптарға сәйкессіз сатып жатқан саудагерлерге ескерту берілді. Келесі жолы қайталанған жағдайда жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертілді. Сол сатушылардың кейбіреулеріне айыппұл салынып, жауапқа тартылған екен.

Сонымен қатар рейд кезінде стихиялық жерлерде және павильондағы сатылып жатқан балықтардың құны жоғары екеніне көңіл аударылды.


Жарияланды: 06.03.201909:23

Автор: