«Таза жағалау» табиғат қорғау акциясының қорытындысы бойынша ақпарат.

25 шілдеде Батыс Қазақстан облысы бойынша «Таза жағалау» акциясы өткізілді. Акция Жайық өзені бойынша экологиялық және тарихи-мәдени қазақстан-ресей экспедициясымен бірлесе өткізілді.

Акцияға облыс бойынша 11 675 мыңдай адам қатысып, 300 бірлік техника жұмылдырылды және 1 178 тонна қоқыс шығарылды.
Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендердің Бөрлі ауданы (Жарсуат, Приуральный, Бумакөл, Қанай, Ақсу, Пугачев, Бөрлі, Ақсай қаласы), Зеленовауданы (Янайкино, Дариян, Январцев, Кирсанов, Чинарев, Красноармейск), Теректіауданы (Ақжайық, Абай, Төңкеріс, Ақсуат, Приречный), Ақжайық ауданы (Лбішін, Қабыл, Тінәлі, Алмалы, Бударин, Самал, Коловертное, Чапаев, Ақсуат, Мерген, Тайпақ және т.б.) тұрғындарының қатысуымен өзен жағалауы қоқыстардан тазартылды.

Акция шеңберінде тек Жайық өзені жағалауы емес, сонымен қатар, облыс аудандарының су нысандары Үлкен және Кіші Өзен, Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Барбастау, Қалдығайты, Өлеңті өзендері, Шалқар, Еділсор, Қаңбақты, Ащы, Балықты Сокрыл көлдері, Дөңгелек, Мұратсай, Жасқайрат, Жақсыбай су қоймалары, Киров-Шежін каналдарының жағалаулары тазаланды.

 

Орал қаласында Жайық өзенінің жағалауы Чапаев атындағы затоннан бастап Коминтерн ықшам ауданына дейінгі аймақтағы Машинақұрылыс компаниясы (ЗКМК), «БатысСуАрнасы», «Оралстройинвест», «Жайықжылуқуат», Некрасов көшесінен Малибу кафесіне дейін, БҚО балық инспекциясы басқармасы ауданы және Курени ауданынан Хан тоғайына дейін тазаланды.

 

Орал қаласы бойынша 537 адам қатысты, 11 бірлік техника жұмылдырылды және қалалық полигонға 50 тонна қоқыс шығарылды.
Қалалық мекемелер мен ұйымдардан «БатысСуАрнасы», «Жайықжылуқуат», «Облыстық мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесі», Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ, БҚО бойынша экология департаменті, БҚО төтенше жағдайлар департаменті, БҚО тұтынушылар құқығын қорғау бойынша департаменті, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, Инновациялық және коммуникациялық жүйелер институты (ҚАЗИИТУ), қоғамдық жастар ұйымы «Жасыл ел», «Алтын-Алма» ЖШС, Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебі белсенді қатысты.

 

Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектебінің курсанттарының күшімен Хан тоғайы қоқыстардан ғана емес, сонымен қатар қураған ағаштардан тазартылды.

 

Балық шаруашылығын жүргізуге бекітілген су айдындары және учаскелері бар табиғат пайдаланушылар да бұл шараға белсенді қатысты және 24 су айдындарының жағалаулары тазартылды.

 

Шараның мақсаты – Жайық өзенінің және облысымыздағы су айдындарының жағалауын тазарту ғана емес, ең бастысы әр бір адамның сана сезіміне  тазалықты сақтау жауапкершілігін жеткізу.

 

Мұндай акцияларды өткізу өлкеміздің қоршаған ортасының экологиялық жағдайын жақсартады және акцияға қатысушылардың азаматтың ұстанымдары облыстың табиғи ресурстарын аялауға үлгі болатыны анық.


Жарияланды: 06.03.201914:50

Автор: