«Таза жағалау» табиғат қорғау акциясы оздырылды

Батыс Қазақстан және Орынбор облыстарының басшыларының келіссөздері барысында Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Таза жағалау» акциясын өткізу туралы шешім қабылданды.

Батыс Қазақстан және Орынбор облыстарының басшыларының келіссөздері барысында Жайық өзенінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында «Таза жағалау» акциясын өткізу туралы шешім қабылданды.

 

Жайық өзені – ұлттық мақтанышымыз, оның табиғи байлығы – еліміздің маңызды стратегиялық қоры болып табылады.

 

16 тамызда «Таза жағалау» акциясы өткізілді және ол Орынбор, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының басшылары мен тұрғындарынан қолдау тапты.

 

Акцияға облыс бойынша 20 мыңдай адам қатысып, 353 бірлік техника жұмылдырылды және 1 300 тонна қоқыс шығарылды.

 

Жайық өзенінің бойында орналасқан елді мекендердің Бөрлі ауданы (Жарсуат, Приуральный, Бумакөл, Қанай, Ақсу, Пугачев, Бөрлі, Ақсай қаласы), Зеленов ауданы (Янайкино, Дариян, Январцев, Кирсанов, Чинарев, Красноармейск), Теректі ауданы (Ақжайық, Абай, Төңкеріс, Ақсуат, Приречный), Ақжайық ауданы (Лбішін, Қабыл, Тінәлі, Алмалы, Бударин, Самал, Коловертное, Чапаев, Ақсуат, Мерген, Тайпақ және т.б.) тұрғындарының қатысуымен өзен жағалауы қоқыстардан тазартылды. Жайық өзені жағасы бойында 12 580 адам қатысты.

 

Акция шеңберінде тек Жайық өзені жағалауы емес, сонымен қатар, облыс аудандарының су нысандары Үлкен және Кіші Өзен, Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Барбастау, Қалдығайты, Өлеңті өзендері, Шалқар, Еділсор, Қаңбақты, Ащы, Балықты Сокрыл көлдері, Дөңгелек, Мұратсай, Жасқайрат, Жақсыбай су қоймалары, Киров-Шежін, Вологин, Алғабай-Первомай каналдары және т.б. жағалаулары тазаланды.

 

По результатам проведенной акции наиболее отличились такие районы как Бурлинский приняло участие 3350 человек и вывезено 220 тонн мусора, Зеленовский район (2064 человек, 128 т), Казталовский (1799 человек, 212,4 т), Таскалинский (844 человек, 233,8 т), Чингирлауский (1472 человек, 101,2 т).

 

В пределах черты города Уральска была очищена прибрежная зона реки Урал начиная от затона им.Чапаева заканчивая микрорайоном Коминтерн, включая районы Машиностроительной компании (ЗКМК), БатысСуАрнасы, Уральскстройинвест, Жайыктеплоэнерго, от ул.Некрасово до кафе Малибу, район управления рыбной инспекции ЗКО и район от Куреней до Ханской рощи.

 

Өткізілген акцияның қорытындысы бойынша келесі аудандар ерекшеленді: Бөрлі ауданы бойынша 3350 адам қатысып, 220 т қоқыс шығарылды, Зеленов ауданы (2064 адам, 128 т), Казталов ауданы (1799 адам, 212,4 т), Тасқала ауданы (844 адам, 233,8 т) Шыңғырлау ауданы (1472 адам, 101,2 т).

 

Орал қаласында Жайық өзені жағалауы Чапаев атындағы затоннан бастан Коминтерн ықшам ауданы дейінгі аймақтағы Машинақұрылыс компаниясы (ЗКМК), «БатысСуАрнасы», «Уральскстройинвест», «Жайықжылуқуат», Некрасов көшесінен Малибу кафесіне дейін, БҚО балық инспекциясы басқармасы ауданы және Курени ауданынан Хан тоғайына дейін тазаланды.

 

Орал қаласы бойынша 500 адам қатысты, 10 бірлік техника жұмылдырылды және қалалық полигонға 60 тонна қоқыс шығарылды. Қалалық мекеме және ұйымдардан Машинақұрылыс команиясы, «БатысСуАрнасы», «Жайықжылуқуат», «Облыстық мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесі», БҚО бойынша балық инспекциясы басқармасы, жобалау ұйымдары «ЭкоЖерұйық», «Эконорма», «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» ММ, БҚО бойынша экология департаменті, БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазсушар» РМК БҚФ, ҚАЗИИТУ, қоғамдық ұйымдар «Заман», «Арман қала», «Жасыл ел» белсенді қатысты.

 

Мұндай акцияларды өткізу өлкеміздің қоршаған ортасының экологиялық жағдайын жақсартады және акцияға қатысушылардың азаматтың ұстанымдары облыстың табиғи ресурстарын аялауға үлгі болатыны анық.


Жарияланды: 06.03.201914:40

Автор: