«Таза орман»

Таза орман» экологиялық акциясына

жөніндегі ақпарат

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік «Туған жер» бағдарламасында көрсетілген қазақстандықтардың өз ауылына, қаласына, өлкесіне, оның мәдениетіне, тарихына, дәстүрі мен тұрмысына деген патриоттық сезімді тәрбиелеуді, сонымен қатар, әр қазақстандықтың азаматтық белсенділігін және отанының тағдыры мен болашағына деген сезімді нығайтуды көздеу мақсатында, өңіріміздің санитарлық жағдайын жақсарту, абаттандыру, көгалдандыру және тұрмыстық қалдықтардан тазарту үшін ағымдағы жылдың 24 маусымы күні сенбілік өткізді. Аталған шараларға қаламыздың және облысымыздың тұрғындары, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарды, оқу орындары, темір жол ұжымдары, «Жасыл ел» жасақтары жұмылдырылды. Акция барысында облыс орталығының іргесіндегі және басқа да елді мекендерге іргелес орналасқан мемлекеттік орман қоры аумағының, әсіресе республикалық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының бойлары қураған және құлаған ағаштардан, сонымен қатар тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Сенбілікке облыс аудандары мен Орал қаласынан  9544 адам қатысып, 257 техникамен 1140,4 текше метр  тұрмыстық-қалдықтар, орман алқабтарынан  267 текше метр қураған ағаш бұтақтары шығарылды. Сенбілік кезінде Орал қаласы бойынша «Хан тоғайы» аумағында бір кісідей жұмыла шығып еңбек еткен облыстық денсаулық сақтау басқармасын, мемлекеттік-эпидемологиялық бақылау департаменті ұжымдарын, КазИИТУ университетінің ұстаздары  мен студентерін, «Перевалочная роща» аумағында сенбілікке шыққан ауыл шаруашылығы, ветеринария, «фитосанитария», жер қатыныстары басқармаларының қызметшілерін, «Стелла» аумағында тазалық акциясына қатысқан Орал қаласы әкімдігі мен тұрғын-үй бөлімінің мемлекеттік қызметшілерін атап өткен жөн. Сонымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен спорт мектептері  Республикалық маңызы бар Орал-Ақсай тас жолы бойында, Пойма-Колузанова елді мекендерінің аралығындағы ағаш екпелері арасынан 50 текше метр қураған ағаштардан тазалап, тұрмыстық қалдықтардан тазартуда аянбай еңбек етті.

 

Облыс бойынша сенбілікті ұйымшылдықпен өткізген Зеленов, Шыңғырлау, Казталов, Бөкей ордасы аудандарының тұрғындарын  ерекше атап өтер едік.

 

Сондай-ақ «Таза орман» экологиялық акциясына облыс бойынша барлық 8 орман шаруашылығы мекемелерінің 117 қызметкерлері қатысып, мемлекеттік орман қоры жерлерінде,  республикалық және жерлікті маңызы бар тас жолдар бойын 267 текше метр қураған ағаштардан тазартты.


Жарияланды: 06.03.201915:04

Автор: