Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар туралы сұрақтар



 

2012 жылы мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында басқармамен есепті кезеңде 70 мемлекеттік сатып алу конкурсының 27 бағалық ұсыныс сұрау тәсілімен және 43 заң нормаларын қолданбау тәсілімен өтті. Сонымен қатар, есепті кезеңде басқарманың 5 қызметкерлері «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамалар (енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, қазақстандық мазмұн)» және «Электронды мемлекеттік сатып алу методологиясы» атты оқыту семинарына қатысып, тиісті сертификатарға ие болды. Басқармаға қарасты 8 мемлекеттік орман мекемелерінің есеп қызметкерлеріне облыстық қаржы басқармасы мамандары қатысымен арнайы осындай түсіндіру семинары оздырылды.
2013 жыл халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында басқарманың интернет ресурсында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» атты жеке бөлім ашылған. Мұнда басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізген жұмыстары жарияланады.
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізудің ашықтығын арттыру мақсатында басқармамен есепті кезеңде 102 мемлекеттік сатып алу конкурсының 44 бағалық ұсыныс сұрау тәсілімен және 58 заң нормаларын қолданбау тәсілімен өтті.
ҚР «Мемлекеттік сатып алу» Заңының талаптарын орындау мақсатында 2013 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу комитетіне мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттар бойынша жосықсыз жабдықтаушыларға сатып алудың өз ісіне ықылассыз қарайтын қатысушылары тізіміне енгізу үшін 4 хабарлама жіберілді.

Басқарма қызметшілерінің арасында өткізілген аппараттық оқу хаттамасы.

Всего комментариев: 0