Құстар күніне арналған байқаудың қорытындысы

Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы және облыстық экологиялық-биологиялық орталығының 2016 жылға арналған жылдық жоспарына сәйкес 1 сәуір Бүкіләлемдік құстар күніне орай оқушыларды құстарға қамқор бола білуге үйрете  отырып, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру  және қоршаған ортаға жанашырлық сезіммен қарау  мақсатында  2016 жылдың 15 сәуір күні  облыстық экологиялық – биологиялық орталығында «Аялайық құстарды» атты байқау өткізілді.

Байқауға 12 үйірме  «Экология және өнер»,  «Экоәлем», «Зоотехнология»,  «Аквариумшы»,  «Берегиня»,  «Жас зоолог», «Жас энтомолог»,  «Біздің үй», «Бөлме өсімдіктері»,  «Следопыт»,  «Орман дәрігері»,  «Мектеп питомнигі» үйірмелері қатысты. Сонымен қатар  «Аялайық құстарды» атты байқау 3 кезеңнен тұрады:

 

1. «Үгітбригада» номинациясы;
2. «Үздік суреттер»  номинациясы;
3. «Үздік құс үйшігі» акциясы.
Барлығы 50-ден астам қатысушы болды. Жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.


Жарияланды: 06.03.201914:55

Автор: