Қоршаған орта туралы

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

 

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУА

 

Облыста тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының динамикасы: 2001 жыл – 33,6 мың тн., 2002 жыл – 66,6 мың тн., 2003 жыл – 58,4  мың тн., 2004 жыл  – 93,7 мың тн., 2005 жыл – 76,4 мың тн., 2006 жыл – 52,3 мың тн., 2007 жыл – 47,3 мың тн., 2008 жыл – 41,9 мың тн., 2009 жыл – 49,6, мың тн.,  2010 жыл– 58,1мың тн., 2011 жыл – 55,9 мың тн., 2012 жыл – 62,0 мың тн., 2013 жыл – 60,4 мың тн., 2014 жыл – 44,7 мыңтн., 2015 жыл – 42,4 мың тн.,2016 жылы– 63,3 мың тн., 2017 жыл – 63,167мың тн, 2018 жыл – 62,8 мың.Ластаушы заттар шығарындыларының артуы байқалады: қатты заттар – 29,07%.

 «Конденсат» АҚ-да өнеркәсіптік шығарындылар көлемі артты – 211 %, соның ішінде қатты бөлшектер – 17 %.

 Ластаушы заттар шығарындыларының артуы сонымен қатар,  жанармай өндірісі бойынша нысанның іске қосылуымен байланысты.

«Жайықжылуқуат» АҚ-да өнеркәсіптік шығарындылар көлемі артты – 5,56 %, соның ішінде күкіртті ангидрид – 78 %, азот диоксид – 0,8 %,  иісті газдар – 0,9 %.

«Улкен Шаған» НПС, «Орал» ЛПДС, «КазТрансОйл» АҚ БФ-да мұнай айдауға байланысты өнеркәсіптік шығарындылар көлемі 10 % артты.

Кәсіпорындармен ұсынылған есептер бойынша 2018 жылы апатты шығарындылар болмады.

 

кесте – Тұрақты және жылжымалы көздерден ластаушы заттар шығарындылары

Облыс, республикалық маңызы бар қала 2018 жыл 2017 жыл
Батыс Қазақстан облысы Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары, мың тн. Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары, мың тн. Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары, мың тн. Жылжымалы көздерден атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары,мың тн.
61,146 3,594 62,524 4,126

 

Транспорт көліктері                    31.12.2018ж. көлік құралдарының түрлері
Жеңіл автокөлік Жүк автокөлігі Автобустар Мотоцикл Тіркеме Барлығы
Жеке тұлғалардағы көлік құралады 104123 7121 2005 1139 6943 121331
Заңды тұлғалардағы көлік құралдары 8056 6083 1996 12 2417 18564
Барлығы 112179 13204 4001 1151 9360 139895
Соның ішінде жанармай ретінде табиғи газды пайлаланатын көлік саны 9248 421 532 0 0 10201

31.12.2018ж. Батыс Қазақстан облысы бойынша жанармай ретінде табиғи газды пайлаланатын көлік саны барлығы (жеңіл, жүк көліктері және автобустар) 10201, бұл 7,2% құрады.

Атмосфералық ауаның сапалық ахуалы

2018 жылы Орал қаласындағы ауа бассейнінің жағдайы тұрақты көрсеткіштермен сипатталады. 2018 жылы жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша атмосфералық ауаның жағдайы өткен жылмен салыстырғанда Орал қаласы мен Ақсай қаласында біршама өзгерді. Орал қаласы мен Ақсай қаласында атмосфералық ауаның ластануын бақылау деректері бойынша көрсеткіштер орташадан айтарлықтай төмен.

Анықталатын ингредиенттер бойынша шекті-рұқсат етілген концентрацияның асып кетуі есепті кезеңде тіркелмеген.

Батыс Қазақстан облысының ауа бассейнінің негізгі ластаушылары атмосфераға азот, көміртегі, күкіртті ангидрид, күкіртті сутегі, ұшпа органикалық қосылыстар мен органикалық емес шаңдарды шығаруды жүзеге асыратын мұнай-газ кешенінің кәсіпорындары, қазандық шаруашылықтары, автокөліктер, элеваторлар, асфальтбетонды зауыттар болып табылады.

Батыс Қазақстан облысында қазіргі уақытта “Қазгидромет” РМК-на тиесілі ауаның ластануын бақылайтын 5 автоматты стационарлық бекет жұмыс істейді. Бақылау 8 ингредиент бойынша жүргізіледі: азот диоксиді, азот оксиді, көміртегі оксиді, күкірт диоксиді, күкіртті сутегі, озон, аммиак, шаң. Есепті кезеңде Батыс Қазақстан облысында жоғары және экстремалды жоғары ластану (ВЗ және ЭЕМ) жағдайлары тіркелген жоқ.

Су ресурстары

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша 7 аса ірі су пайдаланушы ағынды суларды қоршаған ортаға ағызуды жүзеге асырады.

2017 жылмен салыстырғанда 2018 жылы кәсіпорындарда («КПО б.в.» АОЗТ, «Жайықмұнай» ЖШС) өнеркәсіптік төгінділердің елеусіз 2,4 %  артуы байқалады. Есепті кезеңге тазартылған ағынды сулар төгінділері көлемі аса суланған ұғымалардан шығарудың пайда болуына байланысты ілеспе-пласт сулары көбеюі есебінен артты.

Тұрмыстық-шаруашылық ағынды сулар көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда азайды.

Ағынды суларды ағызуды жүзеге асыратын ірі табиғат пайдаланушылар қатарына: КПО б.в., “Батыс су арнасы” ЖШС, “Ақсайжылукуат”МКК, “Жайықжылуқуат”АҚ, “Конденсат” АҚ, “ҚазТрансОйл”АҚ АМҚБ Орал ЖӨДС «Үлкен Шаған» МАС, “Жайықмұнай” ЖШС.

Төгіндісі бар барлық кәсіпорындармен ШРС нормативтерінің жобалары әзірленді, сарқынды суларды ағызу белгіленген лимиттерге сәйкес жүргізіледі. Сарқынды сулардың негізгі көлемі Орал және Ақсай қалаларында пайда болады.

Төменде БҚО бойынша ағынды суларға төгінділер 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2018 жылға жедел мәліметтер келтіріледі.

 

кесте – Төгінділердің нақты көлемі туралы ақпарат

 

Төгінділердің нақты көлемі туралы ақпарат  

2018 ж.

2017 ж.
Өнеркәсіптік төгінділер

 

Су бұру көлемімың.м3 3039,194 2965,73
Ластаушы заттар көлемі мың тн. 42,6 34,2
Тұрмыстық-шаруашылық ағынды сулар Су бұру көлемімың.м3 7311,112 8585,94
Ластаушы заттар көлемі мың тн. 3,23 3,392
Апатты және рұқсат етілмеген төгінділер Су бұру көлемімың.м3
Ластаушы заттар көлемі мың тн.
Барлығы  (аталған барлық төгінділер Су бұру көлемімың.м3 10350,306 11551,67
Ластаушы заттар көлемі мың тн. 45,8 37,592

Жыл сайын 081 «Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу» бағдарлама аясында облысымыздағы елді мекендердің жерасты суларына іздестіру-барлау және кен орындарының жерасты су қорын қайта бағалау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде елді мекендердің шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау арқылы олардың су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қол жеткізілуде.

2018 жылы 081 «Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу» бағдарламасы бойынша 405 931,0 мың теңге бөлініп келесі жұмыстар атқарылды:

Нысандар бойынша жұмыстар аяқталды:

  1. «Батыс Қазақстан облысының 11 елді мекендерінде (Бөрлі ауданы – Аралтал, Облавка, Утвинка, Бестау, Теректі ауданы – Қоныссай, Бекей, Зеленов ауданы – Новенькое, Горбунов, Чиров, Орал қалалаық әкімшілігі – Меловые горки, Маштаков) жер асты суларымен қамту үшін іздестіру – барлау жұмыстары» жобасына (сметалық құны 154 603,833 мың теңге) – 116 603,832 мың теңге;
  2. «Батыс Қазақстан облысының 12 елді мекендерінде (Ақжайық ауданы – Битілеу, Қабыл, Тегісжол, Қарағай, Жаңажол, Зеленов ауданы – Мирное, Факел, Шалғай (Первосоветское), Белес, Ақжол, Скворкин, Чинарев) жер асты суларымен қамту үшін іздестіру – барлау жұмыстары» жобасына (сметалық құны 156 594,622) – 117887,704 мың теңге.

Нәтижесінде 23 ауылда жер асты суларының қоры бекітілді және жер асты суларының сапасына қатысты келесі талаптар қойылды:

  • ЕМ талаптарына дейін 12 ауылда су сапасын жақсарту;

            – ЕМ талаптарына дейін 11 ауылда су сапасын жақсарту және тұзсыздандыру.

Нысандар бойынша жұмысты басталды:

  1. «Батыс Қазақстан облысының 12 елді мекендерінде (Қаратөбе ауданы – Бесоба, Алакөл, Сәуле, Төлен, Теректі ауданы – Қоғалытүбек, Құтсиық, Дуана, Шалқар, Зеленов ауданы – Мичурин, Жамбыл, Зеленое, Асан (Набережное)» жобасы (сметалық құны – 165 310,152 мың теңге) – 117 439,545 мың теңге;
  2. «Батыс Қазақстан облысы бойынша 50 елді мекенде іздестіру-барлау жұмыстары» жобалық-сметалық құжаттама дайындау – 43 979,85 мың теңге;
  3. «Батыс Қазақстан облысының 4 кен орындарының жер асты суларының қорын қайта бағалау мақсатында барлауға дейінгі жұмыстары» жобалық -сметалық құжаттамаларын дайындау- 10 000,0 мың теңге.

.

 

Батыс Қазақстан облысының су ресурстарының сапасы

Батыс Қазақстан облысы аумағында жер беті суларының ластануын бақылау 9 су нысаны бойынша «Қазгидромет» РМК-мен жүргізілді: Жайық, Шаған, Деркул, Елек, Шыңғырлау, Сарыөзен, Қараөзен өзендері, Көшім каналы мен Шалқар көлі.

Жайық, Шаған, Деркул, Елек, Шыңғырлау, Сарыөзен, Қараөзен өзендері, Көшім каналының суының сапасы «орташа деңгейде ластанған» және Шалқар көлінің суы «жоғары деңгейде ластанған» болып бағаланды.

2017 жылмен салыстырғанда Жайық, Шаған, Деркул, Елек, Шыңғырлау, Сарыөзен, Қараөзен өзендерінің, Көшім каналы суы сапасы айтарлықтай өзгерген жоқ, Шалқар көлінің суының сапасы нашарлады.

5 тәулікте оттегін биохимиялық пайдаланудағы судың сапасы Сарыөзен мен Шалқар көлінде, Жайық, Шаған, Деркул, Елек, Шыңғырлау, Қараөзен мен Көшім каналында «нормативті таза» болып бағаланды.

2017 жылмен салыстырғанда ОБП5 бойынша Сарыөзен мен Шалқар көлінің суы жақсарды, басқа су нысандарында айтарлықтай өзгермеген.

 

ЖЕР РЕСУРСТАРЫ

 

– Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 6 907,3 мың.га құрайды. Оның ішінде:

– егістік – 605,3 мың. га;

– көпжылдық екпелер – 2,0  мың. га;

тыңайған жер – 457,8 мың. га;

– шабындықтар – 440,5 мың. га;

– жайылымдар – 5345,2 мың. га;

– басқа да алқаптар – 56,5 мың. га.

– Елді мекен жерлерінің көлемі  2323,3 мың. га құрайды;

– Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 40,2 мың. га;

– Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi -12,4 мың. га.

– Орман қорының жерлері – 216,9 мың. га.

– Су қорының жерлері – 76,0 мың. га.

– Босалқы жерлер – 4094,1 мың. га. Оның ішінде:

– көпжылдық екпелер – 0,4  мың. га;

– тыңайған жер – 487,4 мың. га;

– шабындықтар – 498,0 мың. га;

– жайылымдар – 2641,7 мың. га;

– басқа да алқаптар – 466,6 мың. га.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі егістік көлемі 2018 жылдың 1 қарашасына 605,3 мың.га құрады. 2017 жылмен салыстырғанда егістік көлемі 16,6 мың.га көбейді. Тыңайған жерлердің көлемі есепті жылы 457,8 мың.га құрады,  2017 жылмен салыстырғанда 19 мың. га көбейді, соның ішінде 0,1 мың.га жайылым алқаптарынан трансформациялау арқылы. Сондай-ақ, 10,6 мың.га құрайтын тыңайған жерлер басқа алқаптарға трансформацияланған, атап айтқанда 6,5 мың.га шабындыққа трансформацияланған, ал 4,1 мың.га жайылымға трансформацияланған.

Көпжылдық екпелердің көлемі 2,0 мың.га құрайды, агроқұрылымдарға босалқы жер қорынан жер беру есебінен өткен жылмен салыстырғанда 0,2 мың. га көбейді.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің есебінде 440,5 мың.га шабындық бар, өткен жылмен салыстырғанда шабындықтардың көлемі 29,3 мың.га көбейді, соның ішінде 6,5 мың.га тыңайған жерлерді трансформациялау арқылы, бұдан басқа 0,4 мың.га шабындықтар жайылымдарға трансформацияланған.

Жайылымдардың көлемі 2018 жылы 5345,2 мың.га құрап, өткен жылға қарағанда 233,5 мың.га артқан, соның ішінде 4,1 мың.га тыңайған жерлерді трансформациялау арқылы, сонымен қатар 0,4 мың.га шабындықтарды трансформациялау арқылы, бұдан басқа 0,1 мың.га жайылымдар тынайған жерлерге трансформацияланған.

Есепті жылы агроқұрылымдарға босалқы жер қорынан берілген барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі 6852,3 мың.га құрады, өткен жылмен салыстырғанда 298,6 мың.га көбейді.

Жерлерді алып қою

Елбасының тапсырмасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарымен және уәкілетті органдарымен пайдаланылмай жатырған жерлерді анықтау және қайта ауыл шаруашылығы айналымына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарының және 2012-2018 жылдары жергілікті атқарушы органдар жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1 480,5 мың.га пайдаланылмайтың жерлер анықталған.

Қазіргі таңда пайдаланбай жатқан жерлердің ішінен мемлекет меншігіне көлемі 1022,1 мың.га немесе 69% құрайтын жерлер қайтарылды, ал қайтарылған жерлердің ішінен ауыл шаруашылығы айналымына 590,4 мың. га немесе 58% енгізілді.

Бүгінгі таңда ауыл шаруашылық айналымына көлемі 431,7 мың. га немесе 42% жерлер енгізілмей отыр.

Жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көлемі 363,7 мың.га немесе 25% құрайтын жер учаскелерінің жер пайдаланушылары жерлерін қайта игеруге кірісті.

Жалпы ауданы 32,3 мың.га немесе 2%  жер учаскелері бойынша жергілікті атқарушы органдарымен мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар, 62,4 мың.гектар немесе 4% жер учаскелерінің иелеріне тиісті әкімшілік жаза қолданылып, заң бұзушылықты жою туралы берілген нұсқамалардың мерзімі аяқталғаннан кейін бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.

Прокуратура органдарымен бірлесіп, аудан мен Орал қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтау жөнінде жұмыс топтары құрылған, аталған жұмыстар жалғасуда және қатаң бақылауға алынған.

Жер қойнауы бойынша

Облыс аумағында 46 жер қойнауын пайдалнушы бар, олардың ішінде: кең таралған пайдалы қазбалар кен орындарын барлаумен айналысатын – 42, қатты пайдалы қазбаларды алумен–4. Жер қойнауын пайдалану объектілерінің барлық саны – 48.

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 218-220 баптарының талаптарын сақтау үшін кен орындарында жер қойнауын қорғау бойынша мынадай табиғатты қорғау шаралары жасалды:

– жобалау құжаттамасына мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз болып табылады;

– қалдықтарды сақтау және жою жөніндегі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптар;

– электрмен жабдықтауды және бұрғылау жұмыстарын жүргізудің өзге де қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін шетелдік өндірістің заманауи дизельдік қондырғылары пайдаланылады;

– жер қойнауын пайдалану және жабдықтарды бөлшектеу жөніндегі операция аяқталғаннан кейін жобалық шешімдерге сәйкес жер учаскесін қалпына келтіру (рекультивациялау) бойынша жұмыстар жүргізіледі;

Сонымен бiрге, өнертабыста белгiленген талаптарға сәйкестiктi мониторингтеу Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 220-бабында жер қойнауын пайдалану объектілеріне дейінгі жобалау алдындағы және жобалау құжаттамаларына Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу сатысында көзделген. Сәйкестік болмаған жағдайда, құжаттама қайта қарауға қайтарылады.

Бұдан басқа талаптарды орындау, Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 220-бабында объектілерді эксплуатациялау кезінде және инспекциялық тексерулер кезінде тексеріледі.

БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК

 

Биологиялық ресурстардың жағдайы

Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 60 аңшылық шаруашылық бар, оның ішінде 40   аң пайдаланушыларға бекітілген.

Мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 216,8 мың га, оның 89,4 мың га орманмен көмкерілген ауданды құрайды.

2018 жылы  мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:  реттеуге жататын жануарлардың саны түрлерін алуға тыйым салуға рұқсат беру үшін 65 мемлекеттік қызмет.

Биоресурстардың жағдайын талдау

Қазақстандағы ормандардың өте аз болуына қарамастан Батыс Қазақстан облысы орман қорлары мен аңшылық ресурстары жөнінен айрықша орын алады. Бұл географиялық орналасуымен және табиғи ландшафтарының сан алуандығымен сипатталады.

Мемлекеттік орман қорының деректері бойынша 2018 жылдың бірінші жарты жылдығын дағы жабайы жануарлар саны төмендегі кестеде берілген.

кесте. 2018 жылғы жабайы жануарлардың саны

Жабайы жануарлар түрі

 

Ақ- жай- ық ММ Бөрлі ММ Тайпақ ММ Орал ММ Бөрлі ММ Ча- паев ММ Шыңғы- рлау ММ Январ- цев ММ Жиы- ны
2018 2018 2018 2018 2018 2018 2018 2018 2018
Бұлан   4           12 19
Қабан 181 28 49 82 4 78 43 215 682
Елік 167 89 78 114 12 125 52 200 841
Қасқыр 52 26 70 50 264 52 37 41 595
Түлкі 142 93 264 289 162 196 123 148 1417
Қоян 701 123 280 352 412 430 231 200 2725
Борсық 18 22 42 28 12 100 24 20 266
Сусар 30 45 45 42 81 14 25 280
Күзен 70 25 113 60 77 164 50 28 484
Құндыз 96 52 45 32 84 12 270 591
Қарсақ 71 20 315 57 14 172 25 18 694
Ондатр 21 91 12 13 124 15 261
Ақкіс 12 12 6 30 60
Су тышқан 18 21 12 51
Қара күзен 22 23 45
Шағыл мы- сығы 20 17 35

 

            Орман қорының жағдайын талдау

Орман қорының алқабы – 216851 га-ны құрайды, оның ішінде орманмен  жабылған  – 89373 га, облыстын орманды жерлері – 0,6%-ды құрайды.

Орман екпелері негізінен, Орал, Елек өзендері жайылмаларында, Шыңғырлау ауданының белдемдері мен еңістерінде аздаған тікпелер ретінде, Бөкейорда ауданының құмдауытты еңістерінде, сондай-ақ теміржол және автомобиль жолдарының жиегінде, арналар мен су қоймаларының жағалауларында, құмды жерлерде қорғаныш белдеу ретінде орналасқан. Облыс орман екпелері егістерінің су қорғайтын, топырақ-егістік алқабын қорғайтын екпелермен ұсынылған.

Өсімділік үшін негізгі экологиялық қауіптер далалы, жартылай шөлейтті, шөлейтті аймақтар ассоциациясы өсімділігінің бұзылуы табиғат пайдаланушылардың шаруашылық қызметі салдарынан азаюы болып табылады.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жағдайын талдау

Батыс-Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік және облыстық маңызы бар табиғи қорық қорының он объектісі жұмыс істейді. Оның ішіндегі үш объекті табиғи қорықша мәрте- бесіне ие. Олар – Кирсанов, Бударин және Жалтыркөл қорықшалары.

Кирсанов зоологиялық қорықшасы сирек кездесетін жануарларды: бұлан, қабан, елік, борсық, түлкі, қоян, өзен құндызын сақтау және өсімін молайту мақсатында ұйымдастырылған. Қорықша ауданы 61,0 мың га алып жатыр, облыстың Бөрлі, Теректі және Зеленов ауданда- рының аумағында орналасқан. 2018 жылы Кирсанов зоологиялық қорықшаның аумағындағы бұлан саны 14 бас, елік саны 197 бас, қабан саны 218 басты құрады.

Бударин зоологиялық қорықшасы сирек кездесетін өсімін молайту мен пайдалану мақсатында ұйымдастырылған: Еуропа қара күзені, орман сусары, жұпар тышқан, ақ құйрықты қыран, шіл сияқты жануарлар мен құстарды сақтау және өсімін молайту, қорықша жануар- ларының табиғи тіршілік ету ортасын сақтау, сондай-ақ басқа жануарлар түрлерінің: қабан, қоян, түлкі, қарсақ, бұлан, елік, борсық. Қорықша ауданы 80,0 мың га алып жатыр Ақжайық және Зеленов аудандарының аумағында орналасқан. 2018 жылы Бударин зоологиялық қорық- шасының аумағындағы бұлан саны 3 бас, сібір елігі 155 бас, қабан 118 бас, қоян 500 бас, түлкі 75 бас, ондатр 50 бас, сасық күзен 140 бас, қасқыр 130 бас, борсық -50 бас, өзен құндызы 70 басты құрады.

Жалтыркөл зоологиялық қорықшасы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін: бұйра қоқиқаз, ақбас тырна, барабай, қарабас өгізшағала және басқа құстарды сақтау және өсімін молайту мақсатында ұйымдастырылған. Сонымен қатар, басқа да жануарлар: қабан, қоян, түлкі, борсық, сұр қаз, үйрек түрлерінің өсімін молайту және пайдалану мақсатында ұйымдастырылған. Қорықша ауданы 19,0 мың га құрайды, Жанқала ауданы аумағында орналасқан.

Батыс Қазақстан облысындағы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тіршілік ету ортасын сақтау, оларды қорғау және өсімін молай-    ту жағдайларын жақсарту мақсатында жергілікті маңызы бар 7 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар объектісі құрылған.

«Дубрава» табиғи ботаникалық ескерткіші. Орал өзенінің сол жағалауында Теректі ауданы Жамбыл кентінің солтүстігіне қарай ауданы 6 га болатын жерде орналасқан.

«Селекционный» ботаникалық қорықшасы Маштаково кентінен 1,5 км Деркөл өзенінің 36,6 га өзен алқабын алып жатыр.

«Ақ-Құмдар» ландшафтық қорықшасы ауданы 9042 га болатын Шыңғырлау және Қаратөбе аудандарының аумағында орналасқан.

Бөрлі ауданында орналасқан «Миргород» ботаникалық-зоологиялық табиғи ескерткішінің аумағы 3950 га.

Өрлі геоботаникалық қорықшасы. Нарын құмдарының қарағайлы және теректі бірегей екпе ағаштарын, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін, сондай-ақ 16 405 га ауданды алып жатқан табиғи кешенінің үлгілік учаскелерін сақтау мақсатында ұйымдастырылған.

«Үлкен Ичка» табиғи тау ескерткіші Тасқала ауданында орналасқан, табиғи ландшафты сақтау мақсатында құрылған, оның ауданы 175 га құрайды.

«Садовское» табиғи көл ескерткіші бірегей табиғат кешенін сақтау мақсатында құрылған облыс орталығының солтүстік бөлігінде орналасқан. 150 га ауданды құрайтын Шаған өзені таға тәрізді, ол қалпына келтіру, су қорғау, гидрологиялық қызметтерді атқарады.

 

            12.7.6 РАДИАЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ

 

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы аумағындағы радиациялық жағдай тұрақты болып сипатталады, облыстың елді мекендерінде гамма-фон 0,05-0,22 мкЗв/сағ құрады. Облыстың 12 кәсіпорны өз жұмысында қосынды белсенділігі 48,391 ГБк иондаушы сәулелі 141 көзді пайдаланады. 2018 жылы радиоизотоптық көздер ұзақ уақыт сақтауға тапсырылған жоқ.

Облыста радиоактивті ластану және иесіз иондаушы сәулелену көздері, сондай-ақ уран кен орындары жоқ.

Қарашығанақ мұнай-газ-конденсат кен орны аумағында 1983-1984 жылдары 796-931 м тереңдіктегі тас тұзының шөгінділерінде жиынтық қуаты 60 килотонн жер асты ядролық жарылыстарының нәтижесінде пайда болған әрқайсысы 50,0 мың м3 көлемінде алты жер асты резервуары бар “Лира” объектісі орналасқан. Әрбір резервуарға кіру ТК-1, ТК-2, ТК-3, ТК-4, ТК-5 “бис” және ТК-6 белгілерін алған ұңғымалар арқылы қамтамасыз етіледі.

Барлық алты жер асты резервуары, сондай-ақ объектілер шекараларына іргелес аумақтар мен елді мекендер ұзақ мерзімді кешенді мониторинг объектілері болып табылады.

“ШХК зерттеулер және мониторинг бағдарламасы” (ӨБСК шеңберінде анықтау) бойынша жұмыстарды 1998 жылдан бастап “Лира “нысандарын кешенді зерттеу және мониторингілеу”жобасы шеңберінде Ядролық физика институтының (ЯФИ) Ақсай филиалы жүзеге асырады.

Радиациялық мониторинг нәтижелері бойынша есепті кезеңде зерттелетін аумақта радиациялық фонның жоғарлауы мен радиациялық ауытқулар анықталған жоқ.

 

            12.7.7  ҚАЛДЫҚТАР

2018 жылы облыс бойынша жалпы пайда болған өнеркәсіп қалдықтарының жалпы салмағы 2017 жылмен салыстырғанда 111,0 мың тоннадан 100,9 мың тоннаға азайған. Бұл негізінен “Жайықмұнай” ЖШС бойынша бұрғылау қалдықтарының пайда болу көлемінің азаюы есебінен болды.

Өнеркәсіптік қалдықтардың ең көп саны мұнай – газ өндіру саласында-59,356 мың тонна болды. Бұл жалпы облыс бойынша пайда болған қалдықтардың жалпы санының 58,8% – ын құрайды (100,9 мың тн.).

Облыс экономикасының қалған салалары бойынша, жедел ақпараттардың қолда бар деректері бойынша қалдықтардың пайда болуының белгілі бір жағына шамалы ауытқулар орын алады.

Өнеркәсіп қалдықтарын қайта пайдалану 2018 жылы – 4,6 % (2017 жылы – 12,87%) құрады, 27,9 % (21,09 %) – қайта өңделіп кәдеге жаратылды, 30 % (30,4 %) – полигондарда орналастырылды, 37,5 % (36,1 %) – басқа кәсіпорындарға берілді (пайдалану, қайта өңдеу, кәдеге жарату және орналастыру үшін).

Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеудің, пайдаланудың, кәдеге жаратудың, залалсыздандырудың ең көп пайызын ҚПО б алады.в. және “Жайықмұнай” ЖШС.

 Батыс Қазақстан облысы аумағында 206 қоқыс орындары және Орал, Ақсай қалаларында 2 ҚТҚ полигоны орналасқан.

Аймақта қалдықтарды бөлек жинауды енгізу мақсатында бөлек жинауға жататын қалдықтар  түрлері анықталды (пластик, қағаз, картон, шыны,сынапқұрамды шамдар).

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдармен жақын орналасқан елді мекендерді қамту арқылы қоқыстарды сұрыптау желісі бар жаңа ҚТҚ полигон құрылысы үшін елді мекендер (Орал және Ақсай қалалары) анықталды.

Батыс Қазақстан облысы бойынша нысаналы индикаторлар мәндері келесідей:

– қатты тұрмыстық қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды  кәдеге жарату үлесі – 3,4%;

– облыс тұрғындарын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту – 75,2%;

– экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) – 0,96 %.

Облыс және аудан орталықтарында картон, қағаз, пластик, шина қабылдау пункттері ұйымдастырылды. Мысалы: 2015-2018 жылдары облыс бойынша қалды бөлек жинау үшін 1 084 контейнер орнатылды, соның 767 Орал қаласында, 317 аудандарда қойылған торлы контейнерлер.

Ақсай қаласында қалдықтарды жинау үшін 118 бірлік жер асты контейнерлері орнатылды. Сынапқұрамды шамдар, құрылғылар және бараейкаларды  жинау үшін 54 контейнер орнатылды, соның 27-і Орал қаласында 27-і аудандарда орнатылды.

Шикізат Ресей Федарациясының шекаралас аудандарына шығарылады.

Қалдықтарды бөлек жинау жүйесі бойынша насихат жұмыстары қоғамдық ұйымдар, жинаушы және өңдеуші кәсіпорындардың  қатысумен тұрғындар арасында тұрақты түрде жүргізілді. 2018 жылдың 12 шілдесінде  әкімдік «KazWaste» қалдықтарды басқару бойынша қазақстандық ассоциациясымен бірлесіп қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру бойынша семинар-кеңес өткізді.

Облыс әкімдігімен Батыс Қазақстан облысы бойынша  2018-2022 жылдарға арналған шағын және орта бизнес субъектілерін кеңінен тарта отырып, қатты тұрмыстық  қалдықтарды заман талабына сай кәдеге жарату және өңдеу бойынша іс-шаралар кешені бекітілді (25.08.2018ж.).

Облыста 2020 жылға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау, кәдеге жарату және қайта өңдеуді енгізу бойынша 4 Жол картасы бекітілді.

ҚТҚ полигоны құрылысына ЖСҚ дайындалды: «БҚО Казталов ауданы Казталов ауылында ҚТҚ полигоны құрылысы» жобасының құны 200 952,0 мың теңге, «БҚО Казталов ауданы Жалпақтал ауылында ҚТҚ полигоны құрылысы» жобасының құны 200 952,0 мың теңге 192 200,0 мың теңге.

Орал және Ақсай қалаларында жаңа ҚТҚ полигондарының құрылысына ТЭН жасалынды, облыстық бюджеттен аталған нысандарға ЖСҚ жасауға қаржы қарастырылуда.

«Астана ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесінің қорытындысы бойынша көрмеден кейінгі жобалардың бірі – Фин-Қазақстан консорциумымен жүзеге асырылып жатқан Орал қаласындағы ҚТҚ жүйесін басқару бойынша жоба болып табылады. Орал қалалық ҚТҚ полигоны финдік «ICM Recycling» компаниясына 10 жылға сенімгерлік басқаруға берілген. 2019 жылдың 16 ақпанында полигонда қоқыстарды сұрыптау желісі іске қосылды. Жобаның құны -1,7 млрд. теңге (инвестор қаражаты). Жобаның іске асырылу мерзімі: 2017-2023 жылдар.

Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында келесідей шараларды жүзеге асыру жоспарлануда:

– қалдықтарды бөлек жинау үшін елді мекендерді контейнерлермен толық қамту және жаңарту бойынша жұмыстарды жалғастыру;

– тұрғындарды ҚТҚ бөлек жинауға үгіттеуді ұйымдастыру және жүргізу;

– сұрыпталған қайталама шикізатты өткізуді жүзеге асыру мәселесін пысықтау (аймақта қалдықтарды өңдеу бойынша кіші және орта бизнесті дамыту, өзге аймақтардағы мамандандарылыған өңдеуші кәсіпорындармен келісім/келісімшарттар жасау;

– нысаналы индикаторларды (қалдықтарды өңдеу үлесі, тұрғындарды ҚТҚ тасымалдау қызметімен қамту) арттыру бағытында қайта қарау;

– Орал және Ақсай қалаларындағы жаңа полигон құрылысына қаражат қарастыру.

Облыста қалдықтарды басқару саласында кіші және орта бизнестің 15 кәсіпорны жұмыс істейді:

«ОралТазаСервис» ЖШС 2013 жылдан бастап ҚТҚ жинау, бөлек жинау, шығару, тасымалдаумен шұғылданады. Жұмыстар келесідей қалдық түрлерімен: пластик және қатты-тұрмыстық қалдықтармен жүргізіледі. Қазіргі уақытта қайталама шикізаттан өнім шығарылмайды, шикізат өзге ұйымдарға өңдеуге тапсырылады, 2017 жылы 110 тонна пластик өткізілді. Аталған кәсіпорынға ҚТҚ жинау үшін жергілікті бюджет есебінен 60,5 млн. теңгеге 500 бірлік еуроконтейнер сатып алынды. Тиісті материалдық-техникалық базасы, техникасы, қызмет көрсететін персоналы бар. Құқықтық мирасқоры «СпецАвтоБаза» МКК кәсіпорны болып табылады.

«Үсенова» ЖК макулатураны өңдеу және әжетхана қағазы, сулық шығаратын цех жұмыс істейді. Макулатура өңдеу қуаттылығы жылына 107 тонна. Кәсіпорынның өнімі жергілікті нарыққа шығарылады.

Сонымен қатар, «Антей» ЖШС қайталама полимерді өңдеу цехы бар. Қуаттылығы жылына 260 тонна. Кәсіпорын пластиктен өнім (полимерден кәріздік қақпақ, тақташа және тақтатас) шығарумен айналысады. Кәсіпорынның өнімі облыс аумағына шығарылады.

«Губер» ЖК шина, резина жинау, өңдеу және резина қиыршықтарын шығарумен айналысады, шығарылған өнім спорттық және балалар алаңдарына жабын ретінде пайдаланылуда. Өндіс қуаттылығы жылына 180 тонна.

«Талап» АҚ – 2011 жыдан бастап сынапқұрамды шамдар мен құрылығыларды жинап, кәдеге жаратады. Кәспорында сынапқұрамды және люминисцентты шамдарды залалсыздандыру және кәдеге жарату бойынша «ЭКОТРОМ-2» қондырғысы орнатылған. Өңдеудегі өндіс қуаты жылына 7,6 тонна.

2011 жылдан бастап ЖК«Куксова», ЖК «Глухова», ЖК«Борисова»,  ЖК «ВТС-Уральск» кәсіпорындарының қызметі макулатура қайталама шикізатын жинау, уақытша сақтау және келісім шарт негізінде өзге ұйымдарға тапсыруға бағытталған. Макулатра жинау көлемі ЖК «Глухова» – жылына 4 тонна, ЖК«Куксова» – жылына 3 тонна, ЖК«Борисова» – жылына 37 тонна, ЖК «ВТС-Уральск» – жылына 35 тонна.

«Арктур» ЖШС – қолданылған мотор майларын жинау, өңдеумен айналысады, жылына 4 тонна.

«ТұранПромРесурс» ЖШС 2013 жылдан бастап пластмасса, ұйымдастыру техникасын және майланған нарселерді қабылдайды. Мұнда полиэтилен қабық қалдықтарын қиыршықтайтын қондырғы жұмыс істейді. Майланған нарселерді «Эко-Форсаж-1» қондырғысында өртейді. Пластмасса өңдеу өндісінің қуаты жылына 108 тонна, қолданылған май және сұйықтарды өңдеу жылына 6,2 тонна.

«Мега-Жазира» ЖШС – сынапқұрамды шамдар мен құрылғыларды, батарейка жиану бойынша қызметін 2015 жылы бастады, «Эктором-2» демиркуризациялау қондырғысы бар. Өндіріс қуаты – жылына 2,7 тонна.

Сонымен қатар, 2018 жылдың 27 ақпанында «Кама Центр» ЖШС-де шина және резина өңдейтін зауыт  ашылды. Автокөлік шиналарын терең өңдеу және кәдеге жарату, кейіннен одан резина қиыршықтарын өндіретін желі іске қосылды. Шығатын дайын өнім:  жылына 45 тонна көлеміндегі едендік тақтатас, балалар және спорттық алаңдарға арналған жабындар. Инвестиция көлемі Даму қоры арқылы 192,2 млн. теңгені құрады.


Жарияланды: 25.07.201914:12

Автор: