«Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне» орай Спартакиада өтті

Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының  ұйымдастыруымен 2019 жылдың 25 қазаныңда «Орал» дене шынықтыру сауықтыру кешеніңде «Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күніне» орай Спартакиада өтті.       

Ашылу салтанатын БҚО әкімінің орынбасары А.А.Алпысбаев ашып,

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау Комитетінің атынан

Темірханов Серікке – Ормандарды қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстарыүшін, орман шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін ІІІ дәрежелі «Қазақстан орманың қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» омырауға тағатын белгісі,  Маркин Николай Юрьевичке – «Биоәртүрлікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ІІІ дәрежелі медальі, Кирячек Владимир Анатольевичке – «Биоәртүрлікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» ІІІ дәрежелі медалі табысталды, Музыка Андрей Александрович – Орман шаруашылығы саласындағы жоғары көрсеткіштері кәсіби шеберлігі, сала алдында қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқаны үшін құрмет грамотасымен  марапатталып,  Хайруллин Бисенгали Темирланович –  Орман шаруашылығы саласының дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хат табысталды.

Спартакиадада БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, БҚО орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясы, БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары), 8 орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемелекеттік мекемелерінен 150 адам қатысты.

Командалық жүлделі  І орынды – Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі алса, ІІ орынды – Бөрлі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ІІІ орынды Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесі жеңіп алды.

 


Жарияланды: 30.10.201908:08

Автор: