Облыс аумағын тазарту бойынша 20 қыркүйекте сенбілік өткізілді

Бүгінгі таңда заман көші алға озып, экономика дамыған сайын қоршаған ортаны қорғау қиынға соғып барады. Жасыл экономиканы дамытуда бірінші кезекте қазіргі уақытта сарқылуға ұшыраған ресурстарды үнемді пайдалануға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалану болып табылады.

Облыстағы орман шаруашылығы саласының басты мақсаты- өңірдегі барлық аумағы 215455 гектарды, оның ішінде орманмен көмкерілген 103038 гектар мемлекеттік орман қор алқаптарын тілсіз жау орман өртінен аман сақтау, өсімін молайту және оны таза ұстау болып табылады. Осы мақсаттағы мінсіз қызметіміз арқылы біз ел экономикасының өркендеуіне, халық игілігінің артуына өз септігімізді тигізіп келеміз.

2010-2014 жылдарға арналған «Жасыл даму» бағдарламасының іс-шаралар жоспарын орындау барысында облыс көлемінде Республикалық «Жасыл жапырақ-Зеленый лист» акциясы және Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылы 19 сәуірде «Бүкіл қазақстандық орман отырғызу күні» акциясы өткізілді. Акцияларды ұйымдастыру барысында облыс аумағындағы жасыл желектер алаңы ұлғайтылды. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 17 мамыр күні аудан әкімдіктері мен оқу орындарының қатысуымен облыс көлеміндегі мемлекеттік орман қоры аумағында сенбілік өткізілді.

Осындай табиғатты қорғау және жастардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында 20 қыркүйек күні қала және аудандар бойынша мемлекеттік орман қоры аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтардан және қураған ағаштардан жою мақсатында сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік облыс тұрғындары, орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері мен қаланың оқу орындары студентерінің қатысуымен өткізілді.

Сенбілікке облыс бойынша 5144 адам және 136 техника жұмылдырылып, орманды алқаптардан 289 тонна тұрмыстық қалдықтар және 85,4 га аумақтан 457 м³ кәдесіз сүректер шығарылды.

Облыс бойынша орман массивтерін және орман жолақтарын жинауға орман шаруашылығы мекемелерінің 300-ге жуық қызметкерлері, сонымен қатар, қаланың 13 оқу орындарының студенттері қатысты. Қала аумағындағы Хан тоғайындағы сенбілікті Жәңгір хан атындағы БҚАТУ, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж, сонымен бірге Орал ақпараттық технологиялар колледжі студенттерінің қатысуымен өткізілді. Перевалочной тоғайының тазарту жұмыстарымен КАЗИИТУ және Экономика және ақпараттық технологиялар коллежді студенттері айналысты.

Орал қаржы экономикалық колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті және Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледж студенттері 1 және 2 саяжай аудандарында сенбілік жұмыстарын өткізді. Орал – Саратов жолының бойындағы орман жолақтарын тазарту жұмыстарына М.Өтемісов атындағы БҚМУ және медициналық колледжінің 100-ге жуық стунденттері іске қосылды.

Подстепное-Аэропорт автокөлік жолының бойындағы жасыл желектерінің күтіп-баптау жұмыстарын орман шаруашылығы қызметкерлері мен жол-көлік колледжі студенттері жүргізді.

Орал қаласы аумағында және қала маңында бұл шараға 400 студент қатысып, 33 тонна қоқыс шығарылды.

Республикалық және жергілікті маңызы бар Орал-Атырау, Барбастау-Индер, Бөрлі-Орал, Бөрлі-Федоровка, Ақсай-Шыңғырлау, Шыңғырлау-Шилі, Орал-Кирсанов автожолдарының бойында сенбілік өткізілді.

Орман массивтерін және орман жолақтарын тазарту бойынша бұндай шаралар облыстың барлық аудандарында өткізілді. Соның ішінде атап айтарлық Зеленов ауданы бойынша 3248 адам, соның ішінде 1478 жастар және 55 техника қатысып, барлығы 192 тонна қоқыс шығарылды. Жеке кәсіпкерлер техникамен қамтамасыз етті.


Жарияланды: 06.03.201914:41

Автор: