Табиғат пайдаланушыларның назарына

03.02.2020 12:43

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №52 “Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы” (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4713 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 18 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

     аталған қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

           2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      «2. Орал қаласы, Ақжайық, Бәйтерек, Бөрлі, Жаңақала, Казталов, Теректі, Тасқала және Шыңғырлау аудандарының әкімдері:»;

  1. “Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы” мемлекеттік мекемесі (Р.Шауенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А. Алпысбаевқа жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Су ресурстары комитетінің
Су ресурстарын пайдалануды
реттеу және қорғау жөніндегі
Жайық-Каспий бассейндік
инспекциясы басшысы
____________Ғ.Азидуллин
“__” ___________2020 жыл

2020 жылғы __ ____________ № __
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша
2017 жылғы 24 ақпандағы №52
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
1-қосымша

 Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісі, оның учаскелері Орналасқан жері (елді мекен) Шекарасының ұзындығы (км) Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі
Ауданы (га) Ені (м) Ауданы (га) Ені (м)
  “Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы” жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1 Шалқар көлі Теректі ауданының Сарыөмір ауылы 57 5844 500 2990 50-50
  “Жайық өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы” жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1 Жайық өзені Мемлекеттік шекарадан Атырау облысының шекарасына дейін 872,74 36819,997 500-2000 6041,5944 35-55
  Шаған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1 Шаған өзені Мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін 91,05 8502,53 500-600 1202,51 35-100
  Деркөл өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1 Деркөл өзені Тасқала ауданы Вавилин ауылынан өзеннің сағасына дейін 206,131 18526,77 500-550 2303,76 35
  Үлкен Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1 Үлкен Өзен өзені Мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін 273,8 30365,497 500-600 7373,6212 35-42
  Айдархан су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1 Айдархан су қоймасы Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені 22,921 3060,6036 500 1926,9386 35
  Сарышығанақ су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1 Сарышығанақ су қоймасы Казталов ауданы, Үлкен Өзен өзені 16,739 2875,20 500 1998,5042 35
Кіші Өзен өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1 Кіші Өзен өзені Мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін 407,3 40008,04 500-600 7978,4837 35-100
Утва өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша
1 Утва өзені Шыңғырлау және Бөрлі аудандары 312 33745,048 500 4330,8456 35+7

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

га – гектар;

км – километр;

м – метр.

27.01.2020 15:48

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 154-бабы мен 1-бабының 74-тармағына сәйкес табиғат пайдаланушылар (табиғи ресурстарды пайдалануды және қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар) есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1 науырызына дейін жыл сайын қалдықтарды түгендеу жөніндегі есепті ұсынады.