Бюджетті жоспарлау (қалыптастыру) және бекіту (нақтылау) сатысында

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары бойынша ақпарат

 

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2018-2020 жылдарға 5 бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру жоспарланған.

001 «Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылға 60,9 млн теңге,  2019 жылға 62,7 млн теңге,  2020 жылға 65,4 млн теңге жоспарланған.  Бұл бюджеттік бағдарлама жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты облыс бойынша  іске асыру және дамыту функцияларын іске асыруда жұмсалатын шығыстарды қамтиды: еңбекақыны төлеу, мемлекеттік қызметшілердің денсаулығын жақсартуға арналған жәрдемақы төлеу, әлеуметтік салықтарды және әлеуметтік аударымдарды төлеу, техникалық персоналдың жалақысын және техникалық персоналға жұмыс берушінің жарнасын төлеу, шаруашылық және кеңсе тауарларын сатып алу, жанар-жағармай отынын сатып алу, комуналдық қызметтер, байланыс қызметі, өзгеде қызметтер мен жұмыстарды төлеу, техникалық персонал және мемлекеттік қыхметшілердің іс-сапар шығыстарын төлеу, қоршаған ортаға залалды заттардың шығарылуына төлеу, автокөліктің техникалық байқауына төлеу. Басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін 27 бірлік кадрлық құрам қарастырылған, соның ішінде 22 бірлік мемлекеттік қызметкер, 5 бірлік техникалық персонал.

 

005 «Ормандарды сақтау, қорғау, молайту және орман өсiру» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылға 519,7 млн.теңге, 2019 жылға 548,5 млн.теңге және 2020 жылға 570,1 млн теңгеден жоспарланған. Бұл қаражат әр жылы орман және жануарлар дүниесін қорғауға,  орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерді қамтамасыз етуге

 қарастырылған. Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:
– Орман және жануарлар дүниесін қорғау;

-Орман және жануарлар дүниесі саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

 

006 «Жануарлар дүниесін қорғау» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылға 7,1 млн.теңге , 2019 жылға 7,5 млн.теңге  және 2020 жылға 7,8  млн теңгеден жоспарланған. Бұл бюджеттік бағдарлама бойынша әр жылдары жануарлар түрлерінің санын реттей отырып халықтың ауруының немесе ауруды жұқтыру қаупінің алдын алу, ауыл шаруашылығы және үй жануарларының ауруының алдын алу, ауруларды таратушылар болып табылатын жануарлардың мекен ету ортасындағы қалыптасқан табиғи баланстың бұзылуының алдын алу көзделген. Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері: 
– жабайы жануарлардың санын 376 бірлікке азайту

 

008 «Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылға 197,5 млн. теңге, 2019 жылға 193,6 млн.теңге, 2020 жылға 202,4 млн. теңгеден жоспарланған. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты   қоршаған орта сапасын жақсарту болып табылады.

Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

– атмосфераға шығарындыларды 0,264млн. тоннадан 0,263млн. тоннаға дейін азайту;

– су нысандарына төгінділерді 0,087млн. тоннадан 0,086млн. тоннаға дейін азайту;

– өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жүйесін жетілдіру;

-тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу үлесін 1,6%-дан  1,7% арттыру.

 

081 «Елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2018 жылға 405,9 млн теңге, 2019,2020 жылдарға 704,1 млн. жоспарланған.                   

Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру арқылы облыстың елді мекендерінің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бюджеттiк бағдарламаның түпкілікті нәтижелері:

  • орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жоспарланған жалпы ауылдар санынан жерасты су қоры барланған және жоба алды құжатпен қамтамасыз етілген ауылдар үлесі 9%;
  • облыстың 61%-дан кем емес ауылдарды жерасты су қорымен бекіту.

Бюджеттiк бағдарламаның сипаттамасы (негіздемесі): Жер асты су қорын бағалай отырып іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу.

Всего комментариев: 0