Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша ақпарат

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша ақпарат

 

Орман шаруашылығы

 

Облыстағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 216 851 гектарды құрайды, оның ішінде орманмен қамтылған көлемі 89 373 гектар, облыстың орманды өңірі 0,6 %.

2019 жылы орман шаруашылығы, өрт қауіпсіздік және орманды қалпына келтіру іс шараларына, сонымен қатар облыстағы мемлекеттік мекемелерді ұстауға және қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 695,1 млн.теңге қаражат бөлінді (2018 ж. – 544,9 млн.теңге). Барлық жоспарланған жұмыстар бөлінген қаражатқа сай толық көлемде орындалып келеді.

2019 жылға жаңа орман орналастыру жобасына сай мемлекеттік орман қоры аумағында орман дақылдарын отырғызу жұмыстары 782 га жерде (2018 ж. – 500 га) жоспарланып, бүгінгі күнге толық көлемде орындалды.

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің аумағында жылма жыл 3500,0 мың данадай екпе материалдар өсіретін 8 орман тұқымбақтары бар. Аталған екпе материалдар негізінен орман дақылдарын отырғызу жұмыстарына пайдаланылады, сонымен қатар, облыстың елді мекендерін көгалдандыру жұмыстарына жіберіледі.

Ағымдағы жылдың 10 айында мемлекеттік орман қоры аумағында орман өртіне жол бермеу мақсатында төмендегідей профилактикалық өртке қарсы іс-шаралар орындалды:

  • минералдандырылған орман жолақтарын орналастыру және оны күту жұмыстары 9600 км қашықтықта жоспарланып 10279 км (2018 ж -жоспар 9300 км);
  • өртке қарсы орман жолдарын күту және жөндеу жұмыстары 5,2 км қашықтықта жоспарланып,орындалды (2018 ж – 70 км);
  • орман орам соқпақтарын кесу кесу жұмыстары 115,3 км қашықтықта жоспарланып,орындалды (2018 ж – 97 км).

Ағымдағы жылдың 10 айында орманда өрт қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерімен 26 хаттама толтырылып, әкімшілік тәртіп бойынша 328,3 мың теңге айыппұл бюджетке өндірілді.

2019 жылдың өрт қауіпсіздік кезеңінің басынан атқарылған іс шараларға қарамастан облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы аумағы 1616,0 га, оның ішінде орманмен қамтылғаны 1192,6 га құрайтын  9 орман өртіне орын берілді (2018 ж – 7 орман өрті, жалпы ауданы 248,6 га, о.і орманмен қамтылғаны 193,9  га).

Біздің облыста елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарына қатты көңіл бөлінеді. Жылдан жылға бұл жақсы бастау облыс тұрғындары, жастар, сонымен қатаржоғарғы оқу орны студенттері арасында қолдау тауып келеді.

2019 жылы  облыс көлемінде экологиялық айлық іс шаралары жоспарына сай Республикалық  «Бүкіл Қазақстандық орман отырғызу күні» акциясы және «Жасыл қала-Жасыл ауыл» жобасы және қазан айында «Экологиялық Сағат» республикалық акция  аясында жасыл желектер отырғызу жұмыстары өткізілді.

Акцияларды ұйымдастыру барысында облыс аумағындағы жасыл желектер алаңы ұлғайтылды. Өткізілген акцияларға 71821 адам ат салысып, акция барысында 80374 (жоспар 76000 дана) дана ағаш көшеттері отырғызылды (2018 ж – 75162 дана). Аталған жұмыс әлі де  жалғасуда.

 

Экологиялық реттеу бөлімі бойынша

Басқарманың қызмет бағыттарының бірі – жобаланған қызметтердің қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына әсерін бағалаудың дұрыстығына, құжаттарда экологиялық нормативтік талаптардың сақталуына экологиялық сараптама жүргізу.

2014 жылдың шілде айынан бастап Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының экологиялық реттеу бөліміне «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» және «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызметінwww.e.gov.kz бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және www.elicense.kz бойынша «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету міндеттері жүктелген.

2018 жылы 1692 өтінім қаралып, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілді.

2019 жылдың 10-айында 1404 өтінім қаралып, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат берілді.

2018 жылы 255 жоба қаралып, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілді.

2019 жылдың 10-айында 235 жоба қаралып, мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы берілді.

Қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер 2018 жылы эмиссия үшін нақты төлемдер 2329,683 млн теңгені құрады.

Қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер 2019 жылдың 10-айында эмиссия үшін нақты төлемдер 1305,242 млн теңгені құрады.

 

 

Табиғат қорғау шаралары бойынша

 

2019 жылы жергілікті бюджеттен табиғат қорғау шараларын жүргізуге 421,3 млн. теңге қаржы бөлінді  және 10 айда 375,7 млн. теңгеге игерілді. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 129,6 млн. теңгеге артық (2018 ж. – 291,7 млн.теңге). Бөлінген қаржының басым бөлігіне жыл сайын облыстың оңтүстік аудандарына Ресей Федерациясынан 83,2 млн. куб көлемінде  су беріледі.

 

Қалдықтарды басқару жүйесі.

Облыста Қазақстаннның «жасыл экономикаға» көшу концепциясына сейкес ҚТҚ бөлек жинауды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыста 1000 астам пластик құтыны жинауға арналған контейнерлер орнатылған, оның 700-і Орал қаласында. Облыс орталығындағы бюджеттік ұйымдарда жергілікті өңдеуші кәсіпорын қызмет көрсететін 400 бірлік экобокстар қойылды,

Аймақта қайталама шикізатты жинау және өңдеуге маманданған 15 кәсіпорын жұмыстануда.

Орал қаласында Финдік-Қазақстандық консорциуммен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бойынша жоба жүзеге асырылуда (алдын-ала жобаның құны – 1,6 млрд. теңге, алаңы -33 га). Жобаның жүзеге асыру мерзімі: 2017-2023 жылдар. 2019 жылдың 16 ақпанында «ICNRecycling» компаниясымен қуаты жылына 100 мың тонна қоқыстарды сұрыптау желісі іске қосылды, 50 жұмыс орыны ашылды.

Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау механизмін енгізуге байланысты облыста «Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне байланысты оларды кәдеге жарату үлесі» көрсеткіші 2019 жылдың 10 айына көрсеткіш 5 % құрады, жыл соңына дейін 7 % жеткізу жоспарлануда.

Елді мекендерді сәйкесті ҚТҚ сақтаудың орындарымен қамтамасыз ету мақсатында келесі жобалар дайындалды:

– «БҚО Казталов ауданы Казталов ауылында жаңа ҚТҚ полигонының құрылысы» ЖСҚ, құны 200,9 млн. теңге және «БҚО Каталов ауданы Жалпақтал ауылында жаңа ҚТҚ полигонының құрылысы» ЖСҚ, құны 192,2 млн.тенге;

– Орал және Ақсай қалаларында жаңа ҚТҚ полигонының құрылысына ТЭН д(сараптамадан өту сатысында);

– БҚО Ақжайық ауданы Чапаев ауылында жаңа ҚТҚ полигонының құрылысы ЖСҚ дайындалуда, құны 5,0 млн. теңге.

 

Су және балық шаруашылығы

 

Облыста жүйелі түрде су шаруашылығы нысандарын жөндеу, қайта жаңғырту және іске қосу бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда.

2018 жылы ұзындығы 180 км құрайтын Киров-Шежін каналын қайта жаңғырту жобасының 3 кезеңінің жұмыстары аяқталды. Бұл жоба Жайық-Көшім суару-суландыру жүйесінен тұрақты түрде су алуға мүмкіндік беріп, су аз жылдары Ресей Федерациясынан жыл сайын ақылы алынатын суды 20 млн. текше метрге дейін кемітуге, сонымен қатар 180 км канал бойында орналасқан 4 ауданның  90 мың га жайылымдарын сумен қамтуға септігін тигізеді.

2018 жылы елді мекендерді ауыз сумен қамту мақсатында 35 елді мекеннің жер асты су қорын бағалау жұмыстары жүргізілі (405 млн.теңге).

  • жылы жалпы аумағы 18,2 мың га құрайтын 2 лиманды суару учаскесінің (Жаңақала ауданындағы Төртқұлақ-Қарасу, №55 лиман) құрылымдарын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды (106,4 млн. теңге),  жоба өз кезегінде мал шаруашылығының дамуына септігін тигізеді.
  • 2019 жылы облысымызда Жайықтың сол жақ жағалауындағы елді-мекендерді сумен қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар басталды. Теректі ауданындағы ұзындығы 42 км Жайық-Шалқар суландыру каналын және Ақжайық ауданындағы жалпы ұзындығы 109 км Ащы-Азнабай-Тайпақ суландыру каналдарын қалпына келтірудің жобалық құжаттамалары дайындалды. Жайықтың сол жағалауында орналасқан су жүйелерін қалпына келтіру 300 мың га жайылым жерлерін суландыруға мүмкіндік беріп, мал шаруашылығының дамуына септігін тигізеді.
  • 2019 жылы елді мекендерді тасқын судан қорғау мақсатында 4 бөгетті (Бөрлі ауданы) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе (155 млн.теңге) , ауыл шаруашылығы жерлерін суландыру мақсатында ұзындығы 34 км құрайтын 3 каналды (Жәнібек ауданы Қамысты а/о) реконструкциялау жұмыстары жалғасуда (75,5 млн.теңге);
  • Ағымдағы жылы елді мекендерді ауыз сумен қамту мақсатында 62 елді мекеннің жер асты су қоры бағаланды (387 млн.тенге).

Облыс бойынша балық шаруашылығын жүргізу үшін табиғат пайдаланушыларға бекітілген балық шаруашылығы су айдындары 2016 жылы 45, 2017 жылы 42, 2018 жылы 36, 2019 жылы 39 дананы құрады.

Көрсеткіштердің әртүрлі болуы 2017 жылдан бастап 2019 жылдар аралығында табиғат пайдаланушылармен келісім шарттағы міндеттерді орындамауына байланысты бұзылуымен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта облыстағы балық шаруашылығының дамуы үшін әуесқойлық балық аулау мен көлде-тауарлы балық өсіруге басымшылық берілуде.

 

 

Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бойынша орталық деңгейде шешілетін проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары

 

проблемалық мәселелер министерство шешу жолдары
Орман шаруашылығы
  Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне қарасты облыста 8 орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелері бар. 2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына облыстағы мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 219851 га, оның ішінде орманмен жабылған көлемі 89373 га құрайды, орманды өңірі пайызы төмен 0,6 % құрайды.

Батыс Қазақстан облысы аумағында заңды тұлға мәртебесіз барлығы көлемі 188706 гектарды құрайтын 10 ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (әрі қарай-ЕҚТА) бар, соның ішінде 3- республикалық, 7 – жергілікті маңызы бар. ЕҚТА-дың барлық көлемі 188706 га құрайды, оның ішінде мемлекеттік орман қорының жері 80295 га.

Батыс Қазақстан облысының  Бөкейорда, Жәнібек, Казталов, Жанғала аудандары аумағында «Жасыл даму» салалық бағдарламасының іс-шараларын іске асыру аясында облыста мекендейтін ақбөкендердің (киік) «Орал популяциясын» сақтап қалу үшін «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын және «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалын құру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күнге табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелері жасалды және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы алынды және аталған ЕҚТА-д құруға бөлінген жер учаскелері 2017 жылғы 29 желтоқсандағы облыс әкімдігінің № 333 қаулысымен резервке қойылды.

Елімізде мекендейтін киіктердің 70% біздің облыста шоғырланған. Соңғы жылдарда облыстағы киіктердің популяциясының өсімі байқалады. Нақты айтқанда 2011 жылы 11,0 мың болса, бүгінгі күннің есебімен 135,0 мыңға жетті.

Осыған орай, өсімдіктер мен жануарлардың сирек және эндемикалық түрлерін қорғау және сақтау, соның ішінде ақбөкендердің (киік) «Орал популяциясын», сонымен қатар өңірдің биологиялық әртүрлілігін сақтау мақсатында Батыс Қазақстан облысының  Бөкейорда, Жәнібек, Казталов, Жанғала аудандары аумағында барлық ауданы 657544,1 гектарды құрайтын республикалық маңызы бар «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын және «Ащыөзек» мемлекеттік табиғи қаумалын құруды қажет деп есептейміз.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2020 жылға республикалық бюджет бекіту кезінде бюджеттен қаражат бөлу мәселесінің оң шешімі болуы қажет
  Казталов ауданының Жалпақтал ауылынан жоғары Үлкен Өзен өзеніне су қоймасы құрылысын салу

Сыйымдылық көлемі 28 млн.текше метр су қоймасын салу Киров-Шежін магистралдық каналының қисынды аяқталуы болып табылады, ол 12000 астам тұрғын адамды сумен қамтамасыз етуге, РФ волгадан су беру қызыметіне бюджет шығысын 30%-ға дейін (жыл сайын шамамен 420 млн. теңге) төмендетуге және 20 мың га дейін көлдете суландыруға мүмкіндік береді. Жоба Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін 2017-2021 жылдарға дамыту мемлекеттік жоспарына енгізілген.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2018 жылы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалды. мемлекеттік сараптамаға жоба енгізілген жоқ, жобаның іске асырылуын жылдамдату қажет.
  Ақжайық гидротехникалық имараты кешенін (Солянка-Азнабай-Тайпақ 140 шақырым суландыру жүйесі) және Теректі ауданының (Жайық-Шалқар 45 шақырым арнасын) жаңғырту.

Гидротехникалық имаратты жаңғыртудың міндеті Ақжайық, Теректі аудандарының 12 мың тұрғыны бар елді мекендерін тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін 180 шақырымнан астам суландыру арнасына су жеткізуді ұйымдастыру болып табылады. Аталмыш жобаны жүзеге асыру мал шаруашылығын дамытуға, МІҚ мал басын 9 мыңға дейін ұлғайтуға және 300 мың га жерді суландыруға мүмкіндік береді.

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазіргі таңға ирригациялық жүйе кешенін жаңғырту бойынша жобалық-іздестіру жұмыстарының 3 кезеңі жүргізілуде. 2 кезең бойынша ЖСҚ дайындалды, мем.сараптаманың оң қорытындысы алынды, 1 кезең бойынша жобаның аяқталуы қазанға жоспарланған.
  Жайық және Деркул өзендерінің жағалауын бекіту

Аталмыш өзендердің жағалау сызығын бекіту өзен арнасының жылжуын және жағалаудың шайылуын болдырмауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта аталмыш жағалау сызықтары тұрғын үйлерге таяп қалды. Өзен арнасының әрі қарай жылжуы жағалаудың опырылуы және ауылдық елді мекеннің тұрғын үйлерінің қирауына әкеп соғуы мүмкін. Жобаны жүзеге асыру тұрғын үйлерді және шаруашылық ғимараттарды қирудан сақтап қалуға мүмкіндік береді. Жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу 4000 адамның хауыпсіз тұруын қамтамасыз етеді, 900 тұрғын үйді қираудан сақтап қалады.

 

ҚР Ішкі істер министрлігі Бөрлі ауданының Жарсуат ауылында Жайық өзенінің жағалауын бекіту

Бөрлі ауданының Жарсуат ауылы ауданында жағалау сызығы қарқынды су шайындысымен бұзылған. Кәзіргі таңға жергілікті бюджет қаражаты есебінен ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптаудан өтіп  оң қортынды алынды №09-0040/19 от 11.04.2019 г.

Орал қаласының Кардиологиялық орталық ауданы учаскесінде Деркөл өзені жағалауын бекіту

Орал қаласының Кардиологиялық орталық ауданы учаскесінде өзен арнасында орналасқан тұрғын үйлерді қираудан қорғау үшін ұзындығы 300 метр Деркөл өзені жағалауын бекіту қажет. Кәзіргі таңға жергілікті бюджет қаражаты есебінен ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптаудан өтіп  08.12.2017 ж №09-0205/17 оң қортынды алынды.

Орал қаласының Шамсутдинов көшесінен кемежайға дейі Жайық өзені жағалауын бекіту

Су тасқыны кезінде тұрғын үйлерді қорғау мақсатында қала сызығындағы  Шамсутдинов көшесінен кемежайға дейі Жайық өзенінің оң жағалауы опырылуын  болдырмау үшін ұзындығы 286 метр Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізу қажет. Кәзіргі таңға жергілікті бюджет қаражаты есебінен ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптаудан өтіп  27.08.2018 ж №09-0136/18 оң қортынды алынды.

Орал қаласының Шамсутдинов көшесінен Чечерная көшесіне дейі Жайық өзені жағалауын бекіту(2-кезең)

Су тасқыны кезінде тұрғын үйлерді қорғау мақсатында қала сызығындағы  Шамсутдинов көшесінен Чечерная көшесіне дейі Жайық өзенінің оң жағалауы опырылуын  болдырмау үшін ұзындығы 383,6 метр Жайық өзені жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізу қажет. Кәзіргі таңға жергілікті бюджет қаражаты есебінен ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптаудан өтіп  24.10.2018 ж №09-0165/18 оң қортынды алынды.

БҚО әкімдігімен 2020 жылға республикалық бюджетке жалпы құны 3044,0 млн.теңгеге бюджеттік өтінім ҚР ІІМ ТЖК жолданды (17.10.2019 ж. №3-5/1907хат).

;


Жарияланды: 29.11.201914:26

Автор: