Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Жоба

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

2017 жылғы 24 ақпандағы №52

«Батыс Қазақстан облысының

су қорғау аймақтарын, белдеулерін

және оларды шаруашылықта

пайдалану режимін белгілеу туралы»

қаулысына өзгерістер мен толықтырулар

енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексін, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №52 «Батыс Қазақстан облысының су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4713 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылы 18 наурызда жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулының 1-қосымшасымен белгіленген Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.М.Дәулетжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары И.В.Стексовке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі                                                                 А. Көлгінов

   2018 жылғы «___» __________ №__

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің

қаулысына 1-қосымша

Батыс Қазақстан облысы су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісі, оның учаскелері Орналасқан жері (елді мекен) Шекарасының ұзындығы (км) Су қорғау аймағы Су қорғау белдеуі
Ауданы (га) Ені
(м)
Ауданы (га) Ені
(м)
1.

«Батыс Қазақстан облысының Шалқар көлінің және Орал қаласының шегіндегі Жайық, Шаған өзендерінің сәйкесінше 9 километр, 5 километр су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

1.1 Жайық өзені (оң жағалау) ұзындығы 2,5 км, 2,0 км, 4,5 км Орал қаласы, «Флот» ЖШС-нің аумағынан Дамбы тұйығы көшесіне дейін

9

841,2 800-1300 76,57 35-120
1.2 Шалқар көлі Теректі ауданының Сарыөмір ауылы 57 5844 500 2990 50-50
2.

«Жайық өзені мен Шаған өзенінде (71 километр) су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

Орал қаласы
2.1 Жайық өзені Зачаган кентінің бөлігі, Коминтерн 5 410 1000-1650 11 35-100
2.2 Жайық өзені Меловые горки ауылы 3 350 1010-1075 10,8 35-35
2.3 Жайық өзені Саяжайлар (Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті) 3 350 1000-1235 10,9 35-35
2.4 Жайық өзені Круглоозерное кенті 3 400 1000-1170 10,8 35-35
2.5 Жайық өзені Серебряков ауылы 3 380 1120-1200 13 35-100
2.6 Жайық өзені Желаев ауылы 3 440 1000-1090 15 35-100
2.7 Жайық өзені Саяжай 5 510 1000-1100 18 35-100

Зеленов ауданы

2.8 Жайық өзені Щапов ауылы 3 370 1060-1150 13 35-100
2.9 Жайық өзені Трекин ауылы 3 320 1000-1080 11,1 35-75
2.10 Жайық өзені Володар ауылы 3 340 1000-1200 10,9 35-35
2.11 Жайық өзені Дариян ауылы 3 335 1000-1200 10,8 35-35

Теректі ауданы

2.12 Жайық өзені Социализм ауылы 2 250 1000-1180 9,9 35-75
2.13 Жайық өзені Ақжайық ауылы 3 210 1000-1060 8 35-100
2.14 Жайық өзені Ақсуат ауылы 2 290 1000-1210 9,8 35-75
3.

«Шаған өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

3.1 Шаған өзені Мемлекеттік шекарадан өзеннің сағасына дейін 91,05 8502,53 500-600 1202,51 35-100
4.

«Деркул өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері жобасы» жобалық-сметалық құжаттамасы бойынша

4.1 Деркул өзені Тасқала ауданы Вавилин ауылынан  өзеннің сағасына дейін 206,131 18526,77 500-550 2303,76 35

Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖШС – жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
га – гектар;
км – километр;
м – метр.


Жарияланды: 06.03.201909:12

Автор: