Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Жоба

 

Орал қаласы                              №                           ____________ 2018 жыл

 

Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар

үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ:

 

  1. Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары бекітілсін:
  2. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы №11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 3021, 2009 жылғы 26 ақпандағы «Приуралье» газетінде жарияланған) және 2017 жылғы 1 маусымдағы № 10-16 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 4827 тіркелген, 2017 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А.Сұлтанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
  4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                   

 

Облыстық мәслихат хатшысы                          М. Құлшар      

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының  «Қоршаған ортаға эмиссиялар

үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы»

Түсіндірме жазба

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 495 бабына  сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы  № 11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» шешімі  қабылданып, 2017 жылғы 1 маусымдағы № 10-16 шешімінен өзгеріс енгізілді.

 

Қазіргі уақытта, қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының  Салық кодексінің 576-бабында көрсетілген, сонымен қатар ластаушы заттардың түрлері, қалдықтар және төлемақы мөлшері өзгеріссіз қалған.

 

Жоғарыда айтылғанның негізінде, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестендіру мақсатында, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-VІ ҚРЗ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық Кодексінің, негізінде осы шешімдердің күшін жойып, Батыс Қазақстан облысы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын қайта бекіту қажеттілігі туындап отыр.

 

Басқарма басшысы                                                 А. Дәулетжанов

 

 

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы

№11-14«Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімінің жобасына

салыстырмалы кестесі

 

Құрылымдық элементі Қолданыстағы редакциясы Ұсынылатын редакция Негіздеме
1 Батыс Қазақстан облыстық  мәслихатының 2009 жылғы 11 ақпандағы №11-14 «Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы №99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Кодексінің 495 бабы. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің 576 бабы. Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы №120-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодексінің енуіне байланысты

 

Басқарма басшысы                                                 А. Дәулетжанов

Всего комментариев: 0