Басқарманың ережелері мен міндеттері

Басқарманың жалпы ережелері 

  1. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі  (бұдан әрі – Басқарма) орман, су шаруашылығы, жануарлар дүниесі мен ерекше қорғалатын табиғат аумақтары салаларында мемлекеттік басқару қызметін орындауға және табиғат пайдалануды реттеуге уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.
  2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік  құқықтық  актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. Басқарма  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Басқарма  өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның  орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Дамбы тұйығы, 5/1.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы: мемлекеттік тілде – «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде – государственное учреждение «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Западно-Казахстанской области».
  10. Осы Ереже басқарманың құрылтай құжаты болып табылады. Басқарманың құрылтайшысы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі болып табылады.
  11. Басқарманың қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

 

Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

  1. Басқарманың миссиясы:
    Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды реттеу және қамтамасыз ету.
  2. Басқарманың  Міндеттері:
    • орман және жануарлар дүниесін күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу (ҚР Орман кодексінің 15-бабы, ҚР «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабы);
    • су ресурстарын тиімді пайдалану және оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру (ҚР Су кодексінің 39-бабы);
    • облыс аумағында экологиялық қауіпсіздікті камтамасыз ету (ҚР Экологиялық кодексінің 20-бабы).
  3. Басқарманың функциялары:
    • уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, қоршаған ортаны қорғау, орман және жануарлар дүниесін күзету, қорғау, молықтыру мен орман өсiру, су ресурстарын тиімді пайдалану шаралары қарастырылған басқарманың стратегиялық жоспарын әзірлейді және олардың іске асырылуын қадағалайды (ҚР Экологиялық кодексінің 98-бабы 4-тармағы, ҚР Орман кодексінің 15-бабы, ҚР Су кодексінің 39-бабы, ҚР Президентінің 18.06.2009ж. №827 Жарлығының 3.5 тармағы 33,34 тармақшалары);
    • уәкiлеттi органдармен келiсе отырып, аумақтық даму бағдарламасын әзірлеуге қатысады (ҚР Экологиялық кодексінің 20-бабы 18-тармағы, ҚР Президентінің 18.06.2009ж. №827 Жарлығының 3.5 тармағы 27-тармақшасы);
    • қоршаған ортаны қорғау саласында инвестициялық жобаларды әзiрлеудi ұйымдастырады және оларды уәкiлеттi органдарға табыс етедi (ҚР Экологиялық кодексінің 20-бабы 16-тармағы);
    • мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлейді және iске асырады (ҚР Орман кодексінің 15-бабы, 3-тармағы);
    • мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшерлемелерді қоспағанда), жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларының жобаларын дайындайды (ҚР Орман кодексінің 15-бабы, 13-1 тармағы, ҚР Су кодексінің 39-бабы, 9-тармағы, ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабы 14-тармағы);
    • уәкiлеттi органға беру үшiн өздерiнiң функционалдық қарауындағы орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар әзiрлейдi (ҚР Орман кодексінің 15-бабы, 12-тармағы, ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 8-бабы 14-тармағы);
    • уәкiлеттi органмен келiсе отырып, жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн әзірлейді, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекітуге әзірлейді (ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 10-бабы 3,9 тармақтары);
    • өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдауға қатысады (ҚР Орман кодексінің 15-бабы, 13-тармағы);
    • орман қоры аумағында орман зиянкестерiмен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйiн жақсарту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады (ҚР Орман кодексінің 15-бабы, 10-тармағы);
    • уәкiлеттi органның және облыстың жергілікті өкiлдi органының қатысуымен өздерiнiң қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi (ҚР Орман кодексінің 15-бабы, 14-тармағы);
    • бассейндік кеңестер мен бассейндік келісімдердің жұмыстарына қатысады (ҚР Су кодексінің 39-бабы, 4-тармағы);
    • коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебі туралы құжаттарды жинақтайды (ҚР Су кодексінің 39-бабы, 1-тармағы 1-1 тармақшасы);
    • өзен бассейндері бойынша су ресурстарын қорғау және кешенді пайдалану схемасын әзірлеуге қатысу (ҚР Су кодексінің 46-бабы, 2-тармағы);
    • уәкілетті органның жергілікті бөлімшесінің келісімімен жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тiзбесiн бекітуге ұсынады («Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Заңының 10-бабы, 2-тармағы,                                    3-тармақшасы);
    • өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi және келіседі (ҚР Экологиялық кодексінің  24-бабы, 20-бабы 7-тармағы);
    • ІІ, ІІІ және ІV санат объектілерінің шаруашылық қызметіне экологиялық сараптама жүргізеді (ҚР Экологиялық кодексінің 48-бабы 2- тармағы);
    • қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органның қарауына енгізеді (ҚР Экологиялық кодексінің 20-бабы 5-тармағы);
    • ІІ, ІІІ және ІV санат объектілеріне қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді (ҚР Экологиялық кодексінің 71-бабы 3-тармағы).
  4. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
    • өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелерді шұғыл басқаруды жүзеге асыруға;
    • мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан табиғат қорғау шараларын жүргізуге бөлінген қаржының жұмсалуы туралы мәліметтерді қоса отырып  қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға (ҚР Экологиялық кодексінің 98,99 баптары);
    • орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын шектеу туралы облыс әкімінің шешiмін қабылдауға ұсыныс беруге (ҚР Орман кодексінің 15-бабы, 11-тармағы);
    • өзінің қарауындағы шұғыл басқару құқығымен берілген мүліктерді пайдалануды жүзеге асыруға;
    • табиғат қорғау жұмыстарын және басқа да қызметтерді мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы болуға (ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы);
    • облыс аумағында орналасқан табиғат нысадарының жағдайы туралы ақпарат беруге;
    • штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тартуға (ҚР Экологиялық кодексінің 54-бабы);
    • жеке және заңды тұлғаларға, мемлекеттік органдарға Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша консультативтік-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмектер көрсетуге құқылы;
    • өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізуі тиіс.

 

3. Басқарма  қызметін ұйымдастыру

  1. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма бастығы жүзеге асырады.
  2. Басқарма басшысын Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
  3. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
  4. Басқарма басшысының өкілеттігі:
    • өз орынбасарларының және бөлімдер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
    • Басқарма қызметкерлерін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
    • заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады;
    • заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
    • өз құзырының шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
    • Басқарма бөлімдері туралы ережені бекітеді;
    • мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда басқарма атынан өкілдік етеді;
    • Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
    • Басқарманың стратегиялық жоспарының іске асырылу барысын үйлестіреді;
    • белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
    • заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма қызметіндегі келісім-шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
    • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады.
    • Басқарма басшысы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.
    • Басқарма  басшысы гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді.
  5. Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
  6. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
  7. Басқарма аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басқарма басшысы басқарады.

4. Басқарманың  жұмыс режимі

  1. Басқарманың жұмыс режимі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен реттеледі.

5. Басқарманың  мүлкі

  1. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
    Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) жaәне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
  2. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
6. Басқарманы  қайта ұйымдастыру және тарату
  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Всего комментариев: 0