Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік орман қоры 214319 га жерді құрайды, соның ішінде орманды жерлер 102841 га. Облыстың орманды өңірі шамамен 0,6 %.

 

Ормандар көбінесе Орал, Елік өзендері жағалауында, сонымен қатар Шыңғырлау ауданының кішкене шоқ қайыңдарынан және Бөкей Ордасы ауданының құм төбелер аралық төмендеуінде орналасқан.

 

Орманды жерлер келесі негізгі түрлермен көмкерілген:

 

Облыста 615 га және қылқанды ағаштар (шырша) бар, соның ішінде Орда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі аумағында – 123 га, Январцев мемлекеттік мекемесінде – 448 га және Орал мемлекеттік мекемесінде – 44 га.

 

2013 жылы «2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму» бағдарламасын орындау бойынша іс-шаралар жоспарын орындау барысында барлығы 500 га аумақта ағаш егу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде: Мемлекеттік орман қоры аумағында 250 га, 100 га көлемінде Республикалық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары бойында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар 150 га көлемінде құмдарды бекіту мақсатында ағаш отырғызу жұмысы жүргізілді.

 

Мемлекеттік орман қоры аумағындағы өрттерді бақылау мақсатында «2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму» бағдарламасын орындау бойынша шаралар жоспарына сәйкес әр түрлі алдын алу шаралары өткізілуде: минералдандырылған жол жиектерін тарту жұмысы 3,6 мың км және оларға күтім жұмыстары 8,6 мың км қашықтықта жүргізіледі. Орман өрті туындаған кезде арнайы техникалардың жүруіне арналған жолдарды ретке келтіру жұмыстары 59 км. және 69 км орам соқпақтарын кесу жұмыстары жүргізілді.

 

2012 жылы орманды санитарлы қорғау мақсатында 1191,7 га аумақта орманды зиянкестер мен орман ауруларына қарысы химиялық жолмен өңдеу жұмыстары жүргізілді.

 

2012 жылдың көктем мезгілінде мемлекеттік жер қоры аумағында 180 га жерде орман отырғызу жұмыстары жүргізілді.Күз мезгілінде 70 га аумақта отырғызылатын болады.

 

Жыл сайын облыстың елді мекендерін көгалдандыру үшін сүрек-бұталы ағаштардың түрлері өсіріліп, жүзеге асырылады.

 

«2010-2014 жылдарға арналған Жасыл даму» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарын орындау шеңберінде 2012 жылы облыстың жоғарғы оқу орындары мен колледждер студенттері, жұмыссыз жастардан құралған «Жасыл ел» еңбек отрядтары еңбек етуде, жалпы саны 400 сарбаз күтіп баптау мақсатында кесу және санитарлық кесу жұмыстарына, орманды тұрмыстық қалдықтардан тазарту, құлаған ағаштарды жинау, сонымен қатар Бөрлі, Ақжайық, Тайпақ, Орал, Орда, Чапаев, Шыңғырлау және Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелер тұқымбақтарында өсіріліп жатқан екпе ағаштарын күту, суару жұмыстарына тартылып, өз көмектерін көрсетуде.