Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығы.

 

  1. Өтінім тігілген күйінде, нөмірленген беттерімен беріледі және соңғы беті қол қою арқылы және мөрмен куәландырылады (бар болғанда).
  2. Жеке немесе заңды тұлғалар осы Қағидалардың талаптарына сәйкес әрбір мәлімделетін балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне жеке конкурстық өтінім дайындап, оны хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша:

1) қатысушының толық атауы мен мекенжайы (егер ол кешіккен болып танылса, конкурстық өтінімді ашылмаған күйінде қайтару мақсатында);

2) Конкурсты ұйымдастырушының мекенжайы;

3) “Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурс” деген сөздер көрсетілген мөр басылған конвертте ұсынады.

  1. Бір Конкурстың шегінде қатысушы екі және одан да көп су айдынына және (немесе) учаскесіне бірнеше өтінім берген жағдайда мәлімделетін тоңазытқыш қуаттылықтарының, технологиялық жабдықтардың, көліктің, аулау құралдарының санын, қаржы қаражатының мөлшерін Конкурсқа қатысушы өтінім берілетін су айдындары және (немесе) учаскелері бойынша бөледі.
  2. Конкурстық өтінім:

1) осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінішті (түпнұсқа);

2) өтінім берушінің Конкурсқа қатысушыларға қойылатын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды:

жеке тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін немесе төлқұжатын, кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асыруға құқық беретін құжаттарды (көшірмесі);

заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәлікті (көшірмесі);

Конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің, банк филиалының немесе бөлімшесінің Конкурсқа қатысушының банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдындағы міндеттемелерінің барлық түрі бойынша уақытында төленбеген берешектің жоқ екені туралы қағаз тасығыштағы қол қойылған және мөр басылған, конкурстық өтінімдер салынған конверттер ашылатын күннен отыз күнтізбелік күннен ерте берілмеген анықтаманың түпнұсқасын (конкурсқа қатысушы екінші деңгейдегі бірнеше банктің, филиалдың немесе бөлімшенің, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылатын жағдайда бұл анықтаманы осындай банктердің әрқайсысы береді);

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 18-04/287 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10890 болып тіркелген) бекітілген үлгі нысан бойынша өтінім берушінің басшысы бекіткен әрбір су айдыны және (немесе) учаскесі бойынша барлық бекітіліп берілетін мерзіміне балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын (түпнұсқа);

балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына сәйкес аумақтық бөлімшелерден алынатын қаржылық және басқа да міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді (бұдан бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіліп берілген жеке және заңды тұлғалар үшін);

Заңның 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мыналарды жүзеге асыру үшін:

бақылау үшін аулауды – ведомствоға және (немесе) оның аумақтық бөлімшесіне;

ғылыми-зерттеу үшін аулауды – жеке және заңды тұлғаларға;

әуесқойлық (спорттық) балық аулауды – жеке тұлғаларға сервитут беру туралы өтінім берушінің басшысы қол қойған жазбаша міндеттемені (түпнұсқа) қамтиды.

  1. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты өтінімге, көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар қосымша беріледі:

1) кәсіпшілік балық аулауды жүзеге асыру мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);

конкурстық өтінімдер салынған (көшірме) конверттерді ашу күнінен бір айдан ерте берілмеген Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеме тізілімінен және (немесе) кеме кітабынан қатысушының атына тіркелген балық аулау және көлік флоты, оның ішінде шағын көлемді флот туралы үзінді (көшірме).

Ескертпе: * “Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңы (бұдан әрі – “Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы” Заң) 16-бабының 5 және 6-тармақтарына және “Ішкі су көлігі туралы” Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңы (бұдан әрі – “Ішкі су көлігі туралы” Заң) 26-бабының 6 және 6-1-тармақтарынасәйкес кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме кеме кітабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жағдайда кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу қажеттігі жоқ екенін растайтын құжат (еркін түрде жазылған анықтама) беріледі;

кеменің жүзуге жарамдылығы туралы оның сыныбы немесе біліктілік куәлігі көрсетілген куәлік және (немесе) жүзуге жарамдылығы жөнінде кеменің жыл сайынғы техникалық тексеруден өткені туралы белгісі бар кеме билеті (көшірме);

тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамасы (жеке тұлғалар үшін);

заңды тұлғаларды тіркеу (қайта тіркеу), олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама (заңды тұлғалар үшін);

2)  әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

негізгі құрал-жабдықтардың болуы туралы анықтама (түпнұсқа);

жеке меншігінде немесе жалдау құқығында өтінім жасалған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес жер учаскесінің болуын растайтын құжаттар (көшірме);

әуесқой балық аулаушылар қауымдастығындағы мүшелігін растайтын құжат (болған жағдайда);

конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінен бір айдан ерте берілмеген қатысушының атына тіркелген балық аулау және көлік флоты, оның ішінде шағын көлемді флот туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінен үзінді* (көшірме).

Ескертпе:* “Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы” Заңы 16-бабының 5 және 6-тармақтарына және “Ішкі су көлігі туралы” Заңы 26-бабының 6 және 6-1-тармақтарына сәйкес кеме, оның ішінде шағын көлемді кеме кітабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жағдайда кемені, шағын көлемді кемені мемлекеттік тіркеу қажеттігі жоқ екенін растайтын құжат (еркін түрде жазылған анықтама) беріледі;

кеменің жүзуге жарамдылығы туралы оның сыныбы немесе біліктілік куәлігі көрсетілген куәлік және (немесе) жүзуге жарамдылығы жөнінде кеменің жыл сайынғы техникалық тексеруден өткені туралы белгісі бар кеме билеті (көшірме);

балық шаруашылығы және туризм саласында мамандардың болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарттары мен дипломдардың көшірмелері);

қатысушының жеке меншігінде автомобиль көлігінің немесе арнайы техниканың (кунг, тұрғын тіркемелер, квадроцикылдар және (немесе) қаршаналар болуын растайтын құжаттар (көшірме);

аулау құралдарының болуы туралы мәліметтер (көшірме);

3) КТБШ үшін:

ғылыми ұсынымдар негізінде КТБШ құру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу жөнінде үш жылдан аспайтын мерзімге арналған және өтінім берушінің басшысы бекіткен балық шаруашылығын дамыту жоспары (түпнұсқа);

мелиорациялық жұмыстардың жүргізілуі туралы анықтама (түпнұсқа);

балық шаруашылығы саласында маманның болуын растайтын құжаттар (жасалған еңбек шарты мен дипломның көшірмелері);

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары

  1. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысушыларға мынадай біліктілік талаптары қойылады:

1) салық төлеушінің салық берешегінің, міндетті зейнетақылық жарналар, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналар және әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің болмауы;

2) Балық шаруашылығын дамыту жоспарлары бойынша осының алдындағы жылдар үшін берешектің болмауы;

3) конкурсқа қатысушының міндеттемелердің барлық түрлері бойынша банк, банк филиалы немесе бөлімшесі алдында уақыты өтіп кеткен берешектің болмауы.

  1. Өтінім жасалған балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне байланысты, осы Біліктілік талаптарының 2-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарынан басқа, Конкурсқа қатысушылар мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуге тиіс:

1) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында Каспий, Арал теңіздері, Зайсан, Балқаш көлдері, Бұқтарма, Шүлбі, Шардара, Қапшағай су қоймалары, Жайық, Қиғаш, Сырдария өзендері үшін:

балық ресурстарын және басқа да су жануарларын өңдеу жөніндегі негізгі өндірістік құрал-жабдықтардың, технологиялық жабдықтардың және өзге де материалдық-техникалық құралдардың қатысушының меншік құқығында болуы;

меншік құқығында балық аулау (ұстау) флоты мен кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;

2) кәсіпшілік балық аулауды жүргізу мақсатында басқа да балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

негізгі құрал-жабдықтардың меншік құқығында болуы;

меншік құқығында балық аулау (ұстау) флоты мен кәсіпшілік аулау құралдарының болуы;

3) ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

жинау және бастапқы өңдеу үшін құралдардың меншік құқығында болуы;

негізгі құрал-жабдықтардың меншік құқығында болуы;

артемия мен оның цисталарын терең өңдеу саласында жұмыс тәжірибесі бар маманның болуы;

4) әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу мақсатында басқа балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

меншік құқығында жүзу құралдарының және автомобиль көлігінің, өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне іргелес инфрақұрылымы бар жер учаскесінің болуы;

5) КТБШ жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

балық шаруашылығы саласында маманның болуы;

меншік құқығында балық өсіру-мелиоративтік техниканың болуы;

6) шарбақтық балық өсіру шаруашылықтарын жүргізу мақсатында балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін:

балық өсіру үшін меншік құқығында шарбақтың және (немесе) оларды сатып алуға арналған ниет-шартының болуы;

балық шаруашылығы саласында маманның болуы;

тұйықталған сумен жабдықтау қондырғыларында балық өсіру өндірісінің және оны тасымалдау құралдарының (тірі балық тасу машиналары) меншік құқығында болуы.

Аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын және
(немесе) учаскелерiн бекiтiп беру
жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларына
6-қосымша

Нысан

Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтініш

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

(су айдындары, учаскелері)

бойынша балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін

бекітіп беру жөніндегі Конкурсқа қатысуға рұқсат етуді сұраймын.

  1. Өтінім беруші туралы мәліметтер (заңды тұлғаның атауы, жеке

тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, деректемелері, мекенжайы, БСН, ЖСН)

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

2._____________________________________________________________

(кәсіптік, әуесқойлық (спорттық) балық аулау, балық өсіру)

__________________________________________________________мақсатында.

  1. _________________________облысы әкімдігінің 20____жылғы

“__”____________ № _________қаулысына және

________________________жергілікті атқарушы органмен жасалған

20____жылғы “__” ______________№ ______ балық шаруашылығын жүргізу

шартына сәйкес бұдан бұрын бекітіліп берілген балық шаруашылығы су

айдыны және (немесе) учаскесі

_________________________________________________________________

  1. Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдыны және (немесе)

учаскесі_____________________________________________________________

Өтінім берілген балық шаруашылығы су айдынын және (немесе)

учаскесін бекітіп беру ______ жыл.

  1. Берiлген ақпараттың дұрыстығын растаймын және Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес теріс мәліметтер берілгені үшiн

жауаптылықтан хабардармын.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

Берілген күні 20____ жылғы “____”_____________________________

Өтінім беруші__________________________________________________

(Т.А.Ә. немесе ұйымның атауы)

М.О. (болған жағдайда) қолы __________________


Жарияланды: 07.08.201914:52

Автор: