«Азгир» және «Капустин Яр» полигондарына іргелес елді мекендерінде қоршаған орта сапасын зерттеуді жүргізу туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Батыс Қазақстан облысында 2008 жылғы 22-23 қыркүйектегі сапары барысында берген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Батыс Қазақстан облысында 2008 жылғы 22-23 қыркүйектегі сапары барысында берген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі Ұйымдастыру іс-шаралары жоспарына (Жол картасы) сәйкес аумақтың мәртебесін анықтау (төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық апатты) мақсатында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің тапсырмасы бойынша полигон аумағына іргелес Батыс Қазақстан облысының елді мекендерінде қоршаған орта жағдайына кешенді зерттеулер жүргізілуде.

 

Зерттеулер Жаңақала ауданының Саралжын, Сарыкөл, Салтанат, Жуалыой, Жаңақазан, Мұқыр, Маштексай ауылдары және Бокейордасы ауданының Куйбышев, Науша, Қарасай, Көкқамыс, Шоңай, Кеңой, Бөрлі, Тереңқұдық, Сейтқалы, Ұялы, Көктерек, Хан Ордасы, Жамбыл, Жиекқұм, Карасу, Үштерек, Сайқын, Большевик, Бисен, Әжен, Жәрмеңке, Мұратсай, Тайғара ауылдарында жүргізілуде.

 

Зерттеуді 2014 және 2015 жылдары Қазақстан Республикасының түрлі өңірлерінде кешенді экологиялық жобаларды орындауда тәжірибеге ие, белгілі экологиялық компания -«ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС жүргізеді.

 

Зерттеу нәтижесінде атмосфералық ауаның, топырақ, ауыз су, ашық су қоймалары суының ластануы, өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерінде уытты заттардың жиналуына сипаттамалар алынады және өсімдік және жануарлар әлемінің жағдайына, жерасты экожүйелердің құлдырауына, ауыз су және топырақтың мутагендік жиынтықты белсенділігіне баға берілді, топырақтардың экологиялық жағдайы зерттелінеді.

Алынған барлық мәліметтер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 653 қаулысымен бекітілген территориялардың экологиялық жағдайын бағалау критерийлерімен салыстырылатын болады.


Жарияланды: 06.03.201914:35

Автор: