2017 жылдың орман және дала өрттерінің алдын алу бойынша орман шаруашылығы мекемелерінің атқарып отырған шаралары туралы ақпарат

Барлық сегіз орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінде орман – өрт станциялары ашылды, олар өрт қаупі кезеңінің басынан соңына дейін қызмет етеді. 2017 жылдың 1 наурызынан бастап мемлекеттік мекемелердің өрт қаупі кезеңіне дайындық айлығы жарияланды.

 

Орман шаруашылығының барлық құрылымдық бөлімшелерімен табиғатты қорғау, өртті сөндіру және құқық қорғау органдарымен өрттерді сөндіру үшін әр түрлі шаруа қожалықтары, ұйымдар және  мекемелермен қосымша өрт сөндіру құралдарын жұмылдыруды қарастыратын бірлескен жоспарлар дайындалды.

 

Өрт қаупі кезеңіне 10 бірлік өрт сөндіру автокөліктері, 133 байланыс құралдары, 39 трактор, 5 өрт бақылау мұнаралары, 215 бірлік ранцты өрт сөндіргіштер және т.б. өрт сөндіру құралдарымен жабдықталып, жанар-жағармай қоры жасақталды (8,6 т. диз.жанар май, 6,05 т. бензин).

 

2015-2016 жылдары орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыс бюджетінен 111,1 млн. теңге қаражат бөлінді. Бөлінген қаражатқа 1 дана Камаз өрт сөндіру техникасы, 8 дана УАЗ-Фермер және 1 дана УАЗ автокөліктері, 1 алынды. Сонымен қатар, өрт сөндіруге арналған 2 дана Беларус -1221.2, 3- дана МТЗ-82.1 тракторлары, 8-соқа, 4-тырма сатып алынды.

 

Бұнымен қоса төтенше жағдайлар желісі бойынша Январцев, Тайпақ және Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі ММ-не өрт сөндіру автокөліктері бөлінді.

 

Ағымдағы жылы облыс бюджетінен 46,7 млн. теңге бөлініп, орман шаруашылығы мекемелеріне 2 дана Беларус-1221.2 тракторлары және 2 дана  «ГАЗ» су тасығыш автокөлігін сатып алу көзделіп отыр.

 

Облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінде 5 дана өрт бақылау мұнаралары бар. Қосымша 3 дана өрт бақылау мұнараларын тұрғызу үшін жобалық сметалық құжаттар  дайындалды. Қаражат бөлінген жағдайда құрылыс жұргізілетін болады.

 

Табиғатты қорғау тақырыбында 405 аншлагтар мен паннолар, сонымен қатар республикалық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдары бойында өртті алдын алу тақырыбында 18 дана билбордтар орнатылды. Мемлекеттік орман қорына жақын маңда тұратын тұрғындар арасында орман күзеті жұмысшыларының қатысуымен  табиғатты аялау, табиғат қорғау шараларының маңызы және табиғат заңбұзушылықтар орын алғанда жауапкершіліктер туралы түсіндіру жұмыстары мен бұқаралық ақпарат құралдарына табиғат қорғау заңнамаларының бұзылғаны үшін жауапкершілікке тарту шаралары жөнінде сөз сөйлеу ұйымдастырылды және халыққа 2510 парақшамен плакаттар таратылды. Халық алдында 38 кездесулер мен семинарлар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы теледидардан 5 рет, радиодан 1 рет сөз сөйленді, облыстық газет беттерінде 19 мақала жарияланды.

 

Мемлекеттік орман қорымен шектес жатқан жер пайдаланушыларға жазбаша өкім беру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, бақылаусыз сабанды және басқа да өсімдік жамылғысын өртеуді болдырмау, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 312 жазбаша ескертулер берілді.

 

Мемлекеттік орман қорының аумағын қураған ағаштардан тазарту шаралары өрт қауіпті кезеңі бойы жүргізілетін болады.

 

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінде орман өртімен күрес бойынша өрт-тактикалық жаттығулар жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі жоғары кезеңдерде мемлекеттік орман қоры аумағында жер беті патрульдік жұмыстары күшейтіледі.

 

Өрт қауіпі бар кезеңінен бастап кезекшілік ұйымдастырылды, өрт бақылау мұнараларында  бақылау қойылып, барлық орман  және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемелерінде радио және телефон байланыс тұрақты орнатылды. Табиғат заңнамаларын бұзуды болдырпау және алдын алу мақсатында мемлекеттік мекемелерде орман күзеттінің тұрақты пункіттері ұйымдастырылды.

 

Ағымдағы 2017 жылдың  орман шаруашылығы мекемелерінің өрттің алдын алу шараларының атқарылуы:

– орман өртінің алдын алу мақсатында минералдандырылған орман жолақтарын орналастыру жұмыстары 1858 км (жоспар 2000км );

– минералдандырылған орман жолақтарын күту жұмыстары 4000 км (жоспар 7300 км );

Сондай-ақ, орман орам соқпақтарын кесу 97 км қашықтықта, өрт қауіпсіздік мақсатындағы жолдарды жөндеу 70 км қашықтықта  орындалып жатыр.

 

2016 жылы өрт қаупі кезеңінде мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел қимыл іс әрекеттерінің нәтижесінде мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы көлемі 3,6 га жерде 2 кішкентай орман өрті тіркелді.

 

Ағымдағы 2017 жылдың жекелердің сая бақ жерінен келген өртің кесірін бірінші  рет жалпы көлемі 8,7га  жерде  орман өрті тіркелді.


Жарияланды: 01.03.201909:04

Автор: